Денсаулық

Вакцина жетіспей, қосымша сатып алынатын болды

  • Вакцина жетіспей, қосымша сатып алынатын болды

    Вакцина жетіспей, қосымша сатып алынатын болды

Қазақстанда бұған дейін межеленген 6 миллион емес 10-11 миллион адам вакцина алуы керек. Сонда ғана қоғамдық иммунитет күшейіп, вирустың беті қайтады. Сарапшылардың пікірі осындай. Бірақ елімізде мұнша көлемдегі азаматтарды егуге вакцина жетіспейді. Сондықтан қосымша дозалар сатып алынбақ, - деп хабарлады КТК арнасы.

Қазір қытайлық «Синовак» екпесіне тапсырыс берілген. Жуық арада 1 миллион дозасы жеткізілмек. Мамандардың айтуынша, Қазақстанда вирустың оңтүстік африкалық, британдық және бразиялиялық штамдарының пайда болуы вакцинация жоспарын түбегейлі өзгертуді талап етеді. Енді халықтың 50-60 емес 75-80 пайызын жаппай еккенде ғана қауіптің бетін қайтаруға болады. Дерттің мутацияланған түрлері анықталған Алматыда жыл соңына дейін 900 мың тұрғын егіледі. Оған 250 вакцинациялау пунктері ашылады. Сарапшылардың пікірінше, вирустың жаңа штамының жұғу көрсеткіші жоғары. Сондықтан егу жұмысын жеделдеткен жөн.

Бауыржан Жүсіпов, Профилактикалық медицина академиясының сарапшысы: - Вакцинаның қажеттілігі артып отыр. Меніңше, елдегі қоғамдық иммунитеттің қалыптасуы үшін вирустың жаңа штамдарының пайда болуына байланысты, кемі 10-11 миллион тұрғынға екпе салу керек. Ал бұған дейін ауырып шыққандардың антиденелерін ескерсек, олардың вакцина қабылдауы жағдайдың біршама оңалуына айтарлықтай септігін тигізеді деген сенімдемін.




Көрілген: 538    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.03.2021, 09:25

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31