Денсаулық

Вакцина оразаны бұзбайды – Еркінбек Шоқай Алматы мұсылмандарын екпе алуға шақырды

  • Вакцина оразаны бұзбайды – Еркінбек Шоқай Алматы мұсылмандарын екпе алуға шақырды

    Вакцина оразаны бұзбайды – Еркінбек Шоқай Алматы мұсылмандарын екпе алуға шақырды

Алматы қаласының орталық мешітінің бас имамы Еркінбек Шоқай Рамазан кезіндегі вакцинаның оразаны бұзбайтынын айтты және дінге сенушілерді коронавирустан сақтануға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қалада имамдар кезекпен вакцина салдырып жатыр. Бізде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының вакцина туралы пәтуасы бар. Онда екпенің бұлшық  етке енетін дәрі және оның қажет екендігі туралы айтылады. Сондықтан екпе оразаны бұзбайды», –  деп түсіндірді ол.

Алматыда түрлі діни бірлестіктердің өкілдері өздерін және жақындарын қауіпті індеттен сақтандырудың жалғыз жолы екпе алу екенін түсінеді.

«Екінші жыл қатарынан бүкіл әлем коронавирус пандемиясының салдарынан қатаң шектеулер режимінде өмір сүруде, одан Қазақстан да зардап шекті. Бүгінгі күні бұрынғы өмірге тез оралуға көмектесетін жалғыз құрал - вакцинация. Соңғы кездері бұл процедура дінге қайшы келеді деген көптеген аңыздар пайда болды, бірақ олай емес. Вакцинация ешқандай жолмен оразаны бұзбайды, өйткені сұйықтық (зат) қанға ас қорыту жүйесі арқылы енбейді. Вакцинация денсаулықты сақтауға және басқаларды қорғауға көмектеседі. Дін бұған қарсы келмейді», – деді Еркінбек Шоқай.

Еске сала кетсек, ҚМДБ мәліметтеріне сәйкес, ішке табиғи жолмен (ауыз, мұрын, тік ішек арқылы) енетін барлық нәрсе оразаны бұзады, ал егер зат ағзаға сыртқы қолдану арқылы енсе, онда ораза бұзылмайды. Бұл туралы «Фатава Хиндия» кітабында былай делінген: «Май сияқты заттың тері тесігі арқылы енуі оразаны бұзбайды» (1-том, 266-бет). Вакцина - бұл бактериялар мен вирустар сияқты микроорганизмдерден алынған және адам ағзасына жұқпалы аурулардың алдын алу және иммундық қасиеттерді арттыру үшін енгізілген препарат, бұл ағзаны энергиямен қамтамасыз ететін қажетті тамақ немесе витамин емес.

Осыған байланысты вакцина (тері астына, бұлшықет ішіне, көктамыр ішіне енгізілсе) оразаны бұзбайды.

Almaty.tv.




Көрілген: 775    Пікірлер: 0

сенбі, 17.04.2021, 23:31

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30