Денсаулық

«Вакцина пандемияны тоқтата алмайды»

  • «Вакцина пандемияны тоқтата алмайды»

    «Вакцина пандемияны тоқтата алмайды»

Вакцина COVID-19 пандемиясына қарсы күресте басқа құралдарды толықтырады, бірақ оларды алмастырмайды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус 16 қарашада Twitter парақшасында хабарлады.

«Тек вакцина COVID-19 пандемиясын тоқтата алмайды. Бізге қадағалауды, тестілеуді, оқшаулау мен күтімді, контактілерді бақылауды және карантинді жалғастыру қажет болады; қоғамдастықты тарту, адамдарды сақ болуға шақыру», - деп жазды ол.

Гебрейесустың айтуынша, вакцинаның бастапқы жеткізілімі шектеулі болады, сондықтан вакцинация кезінде басымдық медицина қызметкерлері, қарт адамдар және басқа да қауіп топтарына беріледі.

«Біз бұл өлімді азайтады және денсаулық сақтау жүйелеріне жағдайды жеңуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз. Бірақ вирустың қозғалатын орны бар. COVID-19 пандемиясының басынан бастап біз вакцинаның пандемияны бақылау үшін маңызды болатынын білдік. Бірақ вакцина біздегі басқа құралдарды алмастыратын емес, оларды толықтыратындығын баса айту керек», - деп қосты ол.

Коронавирус инфекциясының өршуі 2019 жылдың соңында Қытайда басталды. 2020 жылы 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың таралуын пандемия деп жариялады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 3 қарашадағы мәліметі бойынша әлемде 47 COVID-19 вакцина өндірушісі өндірілген вакцинаны клиникалық бағалауға үміткер болып отыр. 155 компания клиникаға дейінгі сынақ жүргізуде.

Америкалық Pfizer компаниясы 9 қарашада неміс BioNTech компаниясымен бірге жасалған COVID-19 вакцинасы BNT162b2 клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңінде 90%-дан астам тиімділік көрсетті деп жариялады. Компания әлі де зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Гебрейесус бұл вакцинаны «өте перспективалы» деп атады.

Керімсал Жұбатқанов,

Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты

Abai.kz




Көрілген: 404    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.11.2020, 10:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31