Денсаулық

Вакцина салдырған қазақстандықтар қандай артықшылықтарға ие

  • Вакцина салдырған қазақстандықтар қандай артықшылықтарға ие

    Вакцина салдырған қазақстандықтар қандай артықшылықтарға ие

Коронавирусқа қарсы вакцина салғызғандар ел аумағына кірерде ПТР-анықтама көрсетпейді, сонымен қатар науқастармен байланыста болса да, оқшауланбайды.
 COVID-19 індетін ауыздықтаудың бірден-бір жолы – вакцина салдыру. Бүгінде бүкіл әлем оған көз жеткізген сыңайлы: әркім өз препаратын әзірлеп, вакциналау науқанын бастап кетті. Бұл көштен Қазақстан да қалыс қалмады. 19 мамырдағы жағдай бойынша республикада 1 898 604 адамға вакцинаның бірінші компоненті егілген. Екінші дозаны алғандар саны – 802 090 адам. Яғни, толық вакциналанған қазақстандықтардың қатары әзірге бір миллионға да жетпей тұр. Десе де қазіргі таңда осы сегіз жүз мың адам вакцина алмаған отандастарына қарағанда біршама артықшылықтарға ие.

ПТР-тест қажет емес
Вакцинаның екі компонентін алғандар Қазақстан аумағына ПТР-анықтамасыз кіре береді. Бірақ мұндай жеңілдік Қазақстан азаматтары мен елде тұруға ықтиярхаты бар адамдар үшін көзделген.

Тағы кімдер ПТР-тестен босатылды:  

медициналық-әлеуметтік нысандарға, мысалы қарттар үйіне барғанда;
облыстық командаларды дайындау үшін оқу-жаттығу жиындары жанданғанда;
жұмыс орнына келген вахташылар;
медициналық-әлеуметтік мекемелерде пациентті рәсімдеу және жатқызу кезінде;
ұйымдасқан ұжымдарға барған кезде;
мерзімді әскери қызметке шақырылғандар;
тергеуге алынған, айып тағылған, сотталған адамдар (қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне түскенде);
еңбек демалысынан, іссапардан, "больничныйдан" оралған медицина қызметкерлері;
практикасын бастайтын медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері.
Егер вакциналау паспорты бар адам вирус жұқтырған науқаспен байланыста болса, ол бұрынғыдай оқшауланбайды, тек медициналық бақылауда болады.

Бұған қоса, кеңседе істейтін қызметкерлер вакцинаның екі дозасын алса, қашықтан жұмыс істеу форматына көшірілмейді.

Вакцина салдырғандар маскасыз жүре ала ма
Қазақстанда вакцина алсаңыз да, алмасаңыз да бетперде тағуға міндеттісіз. Талап сондай. Әлеуметтік ара қашықтықты да естен шығармаған абзал.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, адамдарға көшеде маскасыз жүруге рұқсат ету үшін ұжымдық иммунитетті кемінде 60-70%-ке дейін жеткізу керек.  

Дегенмен әлем елдерінде вакцина салдырғандарға бетпердені шешуге біртіндеп рұқсат берілуде. Мәселен, Нью-Йорк штатының тұрғындары енді маскасыз емін-еркін жүре алады. Алайда білім мекемелерінде, қоғамдық көлікте және тағы басқа халық көп жүретін орындарда маска режимін қатаң сақтау қажет. Ал коронавирусқа қарсы екпе салдырмаған америкалықтар бүкіл жерде бетперде тағуға міндетті.

Егер эпидемиологиялық ахуал нашарласа, вакциналанған адамдар да қайтадан маска киюі мүмкін.

Ashyq-тағы статусы – жасыл
Дәл қазір Ashyq мобильді қосымшасында COVID-19-ға қарсы вакцина салғызған адамдар туралы ақпарат жоқ. Алайда 1 шілдеден бастап вакциналау паспорты Ashyq жобасымен біріктіріледі. Осыдан кейін вакцинаның екі дозасын алған қазақстандықтардың статусы "жасыл" түспен жанады.

Сондай-ақ ПТР-тесті теріс нәтиже көрсеткен адамдар да қосымшада "жасыл" түс шығады.

Айта кетсек, қазір Нұр-Сұлтан әуежайында жолаушылар ғимаратқа Ashyq арқылы кіргізіледі. Статусы "көк" және "жасыл" адамдар ғана қалаған бағытына ұша алады.

Вакциналанған туристерге шекарасын ашқан елдер
Қазір вакцина салдырған туристерді өз аумағына ПТР-тестсіз кіргізетін мемлекеттер саусақпен санарлық. Қазақстандықтар жиі саяхаттайтын Түркия, БАӘ, Египет, Өзбекстанға да коронавирус жұқтырмағанын дәлелдейтін ПТР-анықтама қажет.

Сонымен қай елдер вакцинаның екі дозасын алған туристерді қабылдайды?

Мальдив аралдары өткен айдан бастап вакциналанған шетелдік қонақтарды қарсы алып жатыр. Аралға бармастан бұрын екі апта ішінде вакцинаның соңғы дозасын алған туристер елге кіре алады. Олардан ПТР-анықтама талап етілмейді.

Бүгінде Мальдив аралдарында Sputnik V, AstraZeneca, Moderna, Sinovac, Covishied, Pfizer-BioNTech, Jansen/J&J, Sinopharm вакциналары мақұлданған.

Туристерге ашық елдердің бірі – Грузия.

Қазіргі таңда Грузияға бару үшін шетелдіктер вакцина салғызуы қажет. Бірақ бұл талап Еуропа одағы мен 19 елдің азаматтарына қатысты емес. Бұл тізімде Қазақстан да бар, яғни Грузияға саяхаттағысы келетін отандастарымыз үшін вакциналау міндетті емес. Алайда оларда теріс нәтиже көрсетілген ПТР-тест болуға тиіс. Анықтама 72 сағат қана жарамды және ағылшын немесе орыс тілдерінде болуы керек.

Шри-Ланка вакциналау паспорты бар шетелдіктерді 19 наурыздан бері қабылдап жатыр. Вакциналанған туристер он төрт күндік карантиннен босатылады. Бірақ ол үшін елге келгеннен кейін 24 сағат ішінде тапсырған тест теріс нәтиже көрсетуі керек.

Сейшель аралдары да вакцинаның екі дозасын алған адамдарға шекарасын ашты.

Вакциналанған саяхатшылар, сондай-ақ Черногорияға да бара алады.

Үндістан мен Мальдив аралдарынан келгендер карантинге жіберіледі
Үндістандағы күрделі эпидемиологиялық жағдай бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Мамырдың басында тәулігіне вирус жұқтырған 400 мың адам тіркелсе, қазір бұл цифр 280-300 мыңға дейін азайды.

Індеттің өршуіне коронавирустың үнді штаммы әсер етіп отыр. Мутацияға ұшыраған вирус адамдарға тез жұғатынымен және антиденелерге төтеп беруімен ерекшеленеді.

Қазақстан елге аса қауіпті штаммдардың енуіне жол бермес үшін тиісті шараларды қолға алды.

Оған сәйкес, Қазақстанға Үндістан мен Мальдив аралдарынан ұшып келген жолаушылар екі апта үй карантинінде отыруға міндеттелді. Бұл ереже Үндістаннан үшінші елдер арқылы да келетін азаматтарға қатысты.

Сонымен қатар COVID-19-ға қарсы вакцина салдырғандар да, ПТР-тест нәтижесі теріс шыққан адамдар да карантинге жіберіледі.

"COVID-19-сыз саяхаттаймын"
Жуырда вакцина алған қазақстандықтардың ЕАЭО аумағында жүріп-тұруын жеңілдету үшін "COVID-19-сыз саяхаттаймын" мобильді қосымшасы іске қосылады.

Бірыңғай порталда вакцина салғызған немесе ПТР-тест тапсырған адамдар туралы ақпарат сақталады. Соның арқасында одаққа мүше кейбір елге кіру тәртібі жеңілдейді.

Қазақстандықтарда таңдау бар
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакциналау науқаны биыл 1 ақпанда басталды. Бірінші кезеңде екпе індетпен күресте алғы шепте жүрген дәрігерлерге егілді. Кейін бұл тізімге мұғалімдер, студенттер, созылмалы ауруы бар адамдар, күш құрылымдарының қызметкерлері қосылды. Ал қазір Қазақстанның 18 жасқа толған кез келген азаматы өз еркімен вакцина салдыра алады.

Таңдау жоқ емес, бар: бүгінде елде ресейлік "Спутник V", отандық QazVac, қытайлық Hayat-Vax вакциналары қолжетімді. Вакциналау ауруханаларда ғана емес, қоғамдық орындарда, мәселен сауда орындарында, мешіттерде жүргізіледі. 

Вакцинаның екі дозасын алғаннан кейін электронды үкіметте вакциналау паспорты пайда болады. Электронды құжатта қазақстандықтың қандай вакцина, қандай дозада, қашан салдырғаны туралы мағлұмат көрсетіледі.

Вакцинация паспортын жүктеу 
телефонға eGov mobile мобильді қосымшасын жүктеу;
электронды сандық қолтаңба арқылы немесе SMS-пароль арқылы тіркелу;
қызметтер бөлімінде "Цифрлық құжаттарға" кіру;
жоғары оң жақта тұрған "жаңарту" батырмасын басу;
вакцинация паспортына өту.


sputnik.kz




Көрілген: 703    Пікірлер: 0

жексенбі, 23.05.2021, 19:19

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Маусым, 09:04
    Үнді штамының қаупі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31