Денсаулық

Вакцина салдырған кезде талып қалған дәрігерге қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды

  • Вакцина салдырған кезде талып қалған дәрігерге қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды

    Вакцина салдырған кезде талып қалған дәрігерге қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Облыстық аурухана қызметкері вакцинаның кері әсерінен емес, инеден қорыққаннан талып қалған. Бұл туралы КТК хабарлады.
Денсаулық сақтау вице-министрі вакциналау кезде есінен танып құлаған дәрігердің жайын осылай түсіндірді.

Ажар Ғинияттың айтуынша, медицина маманының ес-түссіз құлауына екпенің еш қатысы жоқ. Ол тек ине салу кезінде қатты қобалжып, соңы осылай аяқталған. Қазір оның жағдайы тәуір көрінеді. Денсаулық сақтау вице-министрі Тараздағы жағдайға да қатысты түсініктеме берді.

Бүгін әлеуметтік желілерде бір топ жедел жәрдем жүргізушілері наразылық білдірген видео тараған болатын. Дау көтергендер «вакцинаны мәжбүрлеп салғызып жатыр, екпені қабылдамаса жұмыстан қуады» деп шағымданған еді. Енді осы дерекке қатысты тексеріс басталды. Ақ-қарасы жақын күндері белігі болмақ.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният: «Тараздағы жағдайға қатысты министрлікке келіп түскен ақпарат бойынша комитетке тапсырма берілді. Тексеріс жүргізіліп жатыр», &ndash деді.
Қазақстанда вакцинациялау басталғанда бірінші болып Бас санитар дәрігер мен Денсаулық сақтау вице-министрі салдырған болатын.

aikyn.kz




Көрілген: 3426    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.02.2021, 10:55

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30