Денсаулық

Вакцина салдырғандардың екі жылдан кейін қайтыс болатыны рас па?

  • Вакцина салдырғандардың екі жылдан кейін қайтыс болатыны рас па?

    Вакцина салдырғандардың екі жылдан кейін қайтыс болатыны рас па?

"Коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар екі жылдан кейін қайтыс болады" деген қауесетке Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директорының орынбасары Манар Смағұл жауап берді, деп жазады qamshy.kz.

Манар Смағұл халықты ел арасындағы қауесеттерге сенбеуге шақырып, әр адам ресми ақпаратты қолданып шешім қабылдау керектін айтты.

– Қазір адамдарға жалған ақпарат беріліп жатыр. Вакцинаны денсаулық сақтау саласында бірнеше жылдан бері қолданып келеміз. Өздеріңіз білейтіндей жаңадан туған балаларға, қызылша, қызамық пневмококк (дене қызуының артуы, әлсіздік, дене ауруы, мұрын-ауыз қуысындағы жағымсыз сезінулер, бас ауруы – ред.) жұқпасына қарсы вакцина салынып жүр. Олардың тиімділігі бүгінде дәлелденген.

Ал коронавирусқа қарсы вакцинаға тоқталсақ, былтыр желтоқсаннан өзге елдерде екпені қолдану басталды. Екі жылдан кейін өлім-жітім болады деген "жалған" ақпарат, – деп жауап берді ол.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сенсек, 14 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 4 705 675 адам, екінші компонентін 2 597 505 адам салдырған. 

qamshy.kz.




Көрілген: 1000    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.07.2021, 00:04

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30