Денсаулық

Вакцина салдырғаны үшін 200 мың теңге сыйақы берілетінін естіген алматылықтар емханаларды торуылдауда

  • Вакцина салдырғаны үшін 200 мың теңге сыйақы берілетінін естіген алматылықтар емханаларды торуылдауда

    Вакцина салдырғаны үшін 200 мың теңге сыйақы берілетінін естіген алматылықтар емханаларды торуылдауда

Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны салдырғаны үшін 200 мың теңге берілетінін естіген алматылықтар қаладағы емханаларды торуылдап жүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Время" басылымына сілтеме жасап.

Коронавирусқа қарсы қазақстандық QazCovid-in вакцинасының сынағының үшінші кезеңі желтоқсанда басталды. Бүгінгі таңда 3000-ға жуық ерікті Алматыдағы №4 қалалық емхана мен санитарлық-эпидемиялогиялық сараптама мен мониторинг ғылыми-тәжірибелік орталығында және Тараздағы көп бейінді клиникалық ауруханасында вакцинациялауда өтуде. Екпені дайындап шығарған қазақстандық ғалымдар вакцина салдырғандарға 200 мың теңге берілетінін жариялаған. Мұны есітген халық жаппай медицина орталықтарына ағылыпты. 

 
Алматы тұрғыны Оксана Акулованың сөзінше, бірінші күні емханаға келгенде ондағы халықты көріп шошып кетіпті. Вакцина алу үшін ұзын-сонар кезекте тұрғысы келмеген ол үйіне кетіп қалып, ертесі күні қайта оралған. 

"Вакцинациялаудан өтуге келгендердің көбі студенттер, басқа емханалардың қызметкерлері екен. Бұған қоса, алматылықтар екпе салдыруға тіпті, бүкіл отбасыларымен келіп жүрген көрінеді. Уәде етілген 200 мың теңге бірнеше рет бөлініп беріледі. Бұл еріктілердің бірінші рет келіп, қайта келмей қоймауы үшін жасалған шара", - дейді ол.  

Еріктілерді тіркеу арнайы бөлмеде орындалады. Вакцинаға жіберлімес бұрын азамат міндетті түрде сараптамадан өтіп, дені сау, бұған дейін коронавируспен ауырмағанын дәлелдеуі керек. 

QazCovid-in вакцинасының жасап шығарған ғалымдардың бірі Білім және ғылым министрлігіне қарасты биологиялық қауіпсіздік мәселесі комитетінің ұлттық ғылыми-зерттеу институтынының аса қауіпті аурулар зертханасының жетекшісі Лесбек Құтымбетов алғашқылардың бірі болып коронавирусқа қарсы екпені салғызыпты. Ол кезде сынақ әлі жануарларға жүргізіліп жатқан екен. 

"Біз зерттеуші ретінде вакцинаның қалай әсер ететінін және коронавирустан қорғану үшін өзімізге екпе салдыруымыз қажет болды. Өйткені біреуіміз ауырып қалсақ, зерттеу жұмыстарын тоқтатуға тура келер еді. Вакцинадан кейін еш асқынулар болмады, тек бастапқыда тері қышу, қалтырау сынды екпенің жалпы жанама әсері байқалды. Біз ғалым ретінде вакцинаның қауіпсіздігіне кепілдік береміз", - дейді зерттеуші. 

Оның айтуынша, ең алғашында 44 адамға, кейіннен тағы 200 азаматқа вакцина салу туралы шешім шығарыпты. Бұған қоса, ол клиникалық сынамасы Алматы мен Таразда болуы мен неліктен еріктілерге қаржылық сыйыақы ретінде 200 мың теңге беру себебін түсіндірді. 

"Алматыда үлкен мегаполис болғандықтан мұнда еріктілерді табу оңайға соғатынын білдік. Ал Тараз қаласын таңдаған себеп - институт пен вакцина өндіретін зауыт осы жақта орналасуы. Мемлекеттің бюджеттен бөлген қаражатын есептей келе еріктілерге 200 мың теңге тағайындауды ұйғардық. Бұдан бөлек, институттың жағдайына қарадық. Ақшалай сыйақы халықты вакцинациялаудан өтуге тартудың амалы болды. Әйткенмен, қажетті адам санын жинай алмайтын едік", - дейді Лесбек Құтымбетов. 

Сонымен қатар, ғалым ерікті уақытылы тексеруден өтіп, 180 күн бойы дәрігердің бақылауында болытын ескерді. Айтуынша, вакцинаның қорытындылары осы жылдың мамырында белгілі болады екен. 

Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда вакцина тегін және ерікті түрде болатынын айтқан еді. 

 stan.kz




Көрілген: 1627    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.01.2021, 18:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31