Денсаулық

Вакцина салғызған қазақстандықтар арасында ақшалай сертификат ойнатылады

  • Вакцина салғызған қазақстандықтар арасында ақшалай сертификат ойнатылады

    Вакцина салғызған қазақстандықтар арасында ақшалай сертификат ойнатылады

30 маусымнан бастап екпе алушылар арасында ақшалай сертификаттар ойнату жоспарланып отыр
Атырау облысында вакцина алғандар арасында ақшалай сертификат ойнатылады. Бұл туралы өңір әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол облыста вакциналау көрсеткішін жақсарту және тұрғындарды вакцина алуға одан әрі ынталандыру мақсатында сауда үйлері мен ойын-сауық орталықтарында түрлі шаралар өткізіліп жатқанын атап өтті.

"Демеушілердің көмегімен 30 маусымнан бастап алдағы үш айда екпе алушылар арасында ақшалай сертификаттар ойнату жоспарланып отыр. Бұл туралы БАҚ-та кеңінен жарияланады. Бұл шара оң серпін береді деп күтілуде", - деді Досмұхамбетов үкімет отырысында.
Айтуынша, 26 маусымнан бастап өңірде коронавирус жұқтырғандар көбейіп, облыс "қызыл" аймаққа өтті.

Атырау облысына 120 200 доза бірінші компонент, 117 200 доза екінші компонент вакцина жеткізілген.

Бүгінде 81 861 адамға бірінші компонент егілсе, екінші компонент 44 827 адамға салынды.




Көрілген: 538    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.06.2021, 10:41

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30