Денсаулық

"Вакцинадан бірде-бір өлім жағдайы тіркелген жоқ": Біртанов Қазақстандағы екпеге қарсы петиция жайлы пікір білдірді

  • "Вакцинадан бірде-бір өлім жағдайы тіркелген жоқ": Біртанов Қазақстандағы екпеге қарсы петиция жайлы пікір білдірді

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еліміздегі вакцинацияға қарсы петиция жайлы сөз қозғады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап. 

Қазақстанда екпе салынбаған балаларды балабақша мен мектепке қабылдамауы мүмкін

"Қазақстанда соңғы он жылдықта вакцинадан ешкім қайтыс болған жоқ. Ата-аналар тарапынан да, дәрігерлерден де екпеден кейін жағдай асқынып кеткен науқас туралы шағым болмады. Петиция жайлы айтатын болсақ, біз барлықтарымен кездесіп, әңгімелерін тыңдадық. Сол үшін дәрігерлердің жауапкершілігін арттыру және қауіпті азайту мақсатында кодекс жобасына түзетулер енгізілді. Бұл шаралар петициялардағы шағымдардан кейін қабылданды. Енді тағы бір петиция дайындалыпты. Шағымдар қайта қайталанып отыр. Екпенің сапасына алаңдаудың еш қажеті жоқ. Біз барлық жағдайды қарастырудамыз", - деп мәлімдеді Біртанов. 

 

Айтуынша, екпеге қарсы болып жатқандар вакцинаның сапасыздығын алға тартып жатыр екен. 

"Вакцинаның көмегі зор екенін жоққа шығаруға болмайды. Фактіні эмоциядан ажыратсақ игі болар еді. Біз барлық жағдайға дайынбыз, қажет болған жағдайда тексеріс жүргізе аламыз. Бастысы - екпені сапасы мен оны жүргізетін дәрігерлердің жауапкершілігі кодексте көрсетілген. Заң жобасы әлі талқылануда", - деді министр. 

Сондай-ақ ол кодексте пандемия кезінде санитарлық дәрігерлердің құзыры артқанын айтып кетті. 

"Қиын жағдайлар болды. Денсаулық сақтау жүйесі пандемияға дайын емес еді. Бұл Қазақстанда ғана емес, басқа да мемлекетте орын алды. Эпидемия басталарда атқарылған шаралардың маңызы зор. Пандемия әлі біткен жоқ. Біз алдағы уақытта да індетпен ұзақ күресеміз. Сол себепті де жаңа ережелер өте қажет. Ал кодекс жазда қабылданатын болса, ендігәрі біз қауіпті індеттермен күресуге дайын боламыз", - дейді шенеунік. 

Еске салайық, бұған дейін Біртанов коронавируспен ауырған науқастың бәрі ауруханаға жатқызылмайтынын айтқан болатын. 

 
 

 




Көрілген: 362    Пікірлер: 0

сенбі, 09.05.2020, 10:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31