Денсаулық

Вакцинадан вирустың жаңа штаммдары пайда болатыны рас па?

  • Вакцинадан вирустың жаңа штаммдары пайда болатыны рас па?

    Вакцинадан вирустың жаңа штаммдары пайда болатыны рас па?

Қазақстандықтар SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа штаммдары вакцинадан кейін пайда болды деген ақпарат таратып жатыр. Алайда бұл жалған, деп хабарлайды Stopfake.kz.

"Бүгінгі күні коронавирусқа қарсы вакциналау SARS-CoV-2 жаңа штаммдарын тудыруы мүмкін екендігі туралы ешқандай дәлел жоқ. Біріншіден, әзірге ешқандай жаңа штамм пайда болмағанын атап өткен жөн. Альфа, бета, дельта, гамма және басқалары – вирустың түрлері. Түр мен штамм арасындағы айырмашылық – бастапқы патогеннің мутацияға ұшырау деңгейінде. Репликация жылдамдығына, вируленттілікке және басқа да сол сияқты сипаттамаларға әсер ететін шамалы өзгерістер жаңа түрлердің пайда болуына әкеледі", - деп жазады портал.

SARS-CoV-2 – SARS коронавирусының штамы. Олардың саны екеу: SARS-CoV-1 және SARS-CoV-2. Біріншісі ауыр жіті респираторлық синдром коронавирусын, екіншісі СOVID-19 тудырады.

Коронавирустың жаңа түрлері жаппай вакциналаудан кейін пайда болды деген теория шындыққа жанаспайды. Өйткені альфа, бета, гамма, дельта, эта, йота, каппа және лямбда әлемде жаппай егу науқаны басталғанға дейін табылған.

Басылым ақпаратынша, қазіргі кезде ең агрессивті саналатын "дельта" Үндістанда былтыр қазан айында анықталды. Ал халықты вакциналау тек 2021 жылдың қаңтарында, яғни үш айдан соң басталды.

Коронавирусқа қарсы вакциналар жаңа штаммдардың пайда болуына әкеп соқпайтынын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары да растады. Олар бұл теорияның ешқандай дәлелі жоқ екенін мәлімдеді.

Демек, SARS-CoV-2 жаңа түрлерінің пайда болуына жаппай вакциналау себеп болды деген ақпарат жалған, деп хабарлайды сайт.

Stopfake.kz.




Көрілген: 755    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.08.2021, 22:26

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31