Денсаулық

Вакцинаның екі дозасының арасындағы уақыт неге ұзартылды: Бас санитар дәрігер жауап берді

  • Вакцинаның екі дозасының арасындағы уақыт неге ұзартылды: Бас санитар дәрігер жауап берді

    Вакцинаның екі дозасының арасындағы уақыт неге ұзартылды: Бас санитар дәрігер жауап берді

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов Sputnik V вакцинасының екі дозасы арасындағы вакцинациялау мерзімі неге 90 күнге дейін ұлғайтылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ерлан Қиясовтың айтуынша, вакцинация кестесі ресейлік профессор, академик және Гамалея ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбургтің 22 сәуірдегі ресми мәлімдемесі негізінде өзгертілген.

 
"Осы мәлімдемеге сәйкес, Sputnik V вакцинасының бірінші және екінші компоненттерін инъекциялау аралығын 21 күннен 90 күнге дейін ұлғайтуға болады. Аралықтың жоғарылауы иммунитеттің күшіне әсер етпейді. Бұл халықтың иммунизациясын едәуір жеделдетеді. Кейбір адамдар үшін екі доза арасының ұзаруы иммундық жауаптың күші мен ұзақтығын арттыру мүмкін", - деді Қиясов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта вирустың жаңа мутацияларының ықтималдығын барынша азайту үшін коронавирустың халық арасында айналымын азайту бойынша шаралар қабылдануда.

"Осыған байланысты, вакцина жасаушының жоғарыда айтылған мәлімдемесі негізінде денсаулық сақтау министрлігі Sputnik V вакцинасының екі компоненті арасындағы аралықты ұзартуға және 45-ші күні екінші компонентпен егуге шешім қабылдады. Сондықтан 30 сәуірде Sputnik V вакцинациясының кестесіне өзгерістер енгізілді. Бұл жағдайда осы вакцинаның бірінші және екінші компоненттерін енгізу аралығы 45 күн болуы керек. Егер 45-ші күні екінші компонентпен вакцинациялау мүмкін болмаса, 90 күн ішінде екінші дозаны салуға рұқсат етіледі", - деп толықтырды елдің бас дәрігері. 

Еске салсақ, ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың 30 сәуірдегі қаулысы бойынша вакциналау тәртібіне өзгерістер енгізілді.




Көрілген: 1648    Пікірлер: 0

жексенбі, 02.05.2021, 01:50

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30