Денсаулық

Вакцинация мутацияға әсер ете ме: Белгілі иммунолог пікір білдірді

  • Вакцинация мутацияға әсер ете ме: Белгілі иммунолог пікір білдірді

    Вакцинация мутацияға әсер ете ме: Белгілі иммунолог пікір білдірді

«Вакцина адам ДНҚ-сына әсер етеді, екпе коронавирустың өзін мутациялауға қауқарлы...» деген сынды пікірлер бар. Ал іс жүзінде бұл қалай жүзеге асып жатыр? Иммунолог, профессор, медицина ғылымдарының докторы Рафаил Розенсон Facebook-тегі парақшасында түсіндіріп өтті деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Профессордың айтуынша вакцинация вирустың мутациялануын азайтып, олардың жиілігін арттырмайды.

«Маған жиі қойылатын сұрақтардың бірі: Вакцинация мутацияға әсер етпей ме? Бүгінге дейінгі анықталған клиникалық мутациялар – альфа, бета, гамма, дельта, йотта және басқалары вакцина енгізілгенге дейін анықталған. Коронавирустың ең көп мутацияланған түрі – Дельта.

Бұл Үндістанда жаппай вакцинациялау басталғанға дейін үш ай бұрын пайда болды. Ал жаппай вакцинациялау енгізілгеннен кейін науқастар қатары азаяды. Яғни вакцинация вирустың мутациялануын азайтып, жиілігін арттырмайды», - деді Рафаил Розенсон.

 Медицина ғылымдарының докторы вакцинация адамның ДНҚ-сы мен репродуктивті әлеуетіне әсер ете ме деген сұраққа да жауап берді.

«Әлбетте олай емес. Екпені ең алғаш 1795 жылы Дженнер енгізгеннен бастап есептесек 226 жыл болыпты.

Бүгінге дейін екпенің салдарынан мутацияланған адам болған емес. Ал антиваксерлер сол заманда-ақ болған. Қазір де жоқ емес», - деді ол.

Дәрігердің айтуынша ғалымдардың көпшілігі мына бір нәрсемен келіседі: науқас коронавируспен ауырып, вакцинацияланса немесе ауырмай тұрып вакцинацияланса, артынан ауырып, сауығып кетсе, қорғаныс әлдеқайда күшті болады. Ол сондай-ақ алда ЖРВИ және тұмау маусымы келе жатқанын еске салды.

Оның айтуынша, былтыр локдаунның толық енгізілуіне байланысты азаматтар ауруды өршітіп алған. «Иммунитет жаттықпаған. Биыл да тұмау қабаттасып келсе не болмақ – бұл сауалға аллергиясы бар, иммунитеті төмен пациенттерді күніне бірнеше рет қабылдау кезінде жауап беремін. Менің жауабым: аллергиясы бар науқастың бәрі ремиссияға қол жеткізіп, КВИ-ға қарсы вакцинация алуы керек.

 Тұмаудан өлу көрсеткіші – миллионнан бір рет кездесуі мүмкін. Вакцинациядан өлу мүмкіндігі – сәл жоғары, бес жүз мыңнан біреу. Коронавирустан өлу мүмкіндігі – 1:50. Яғни 10 000 есе жоғары. Сонымен, егер жасыңызға байланысты (үш жасқа дейін немесе 65 жастан асқан) немесе қосымша аурулар болса, тұмауға шалдығу қаупі бар. Тиісінше вакцина алған абзал – мүмкіндікті қолданыңыз. Биылғы маусымда бұл өте маңызды. Өзіңізді, отбасыңызды және еліңізді қорғаңыз: екпе алыңыз!» - деді ол. 

sn.kz




Көрілген: 408    Пікірлер: 0

жексенбі, 26.09.2021, 09:39

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31