Денсаулық

Вакцинация паспортын сатып алған ер адам жансақтау бөліміне түсті

  • Көрнекі фото.  https://ampravda.ru/

    Көрнекі фото. https://ampravda.ru/

Денсаулық сақтау министрлігі вакцинация паспортын сатып алған және коронавируспен реанимацияға түскен қазақстандықтың ісі туралы айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

"Жансақтау бөліміне түсетіндей жағдайлар бізде көп болған жоқ. Орын алған оқиға барысында науқас шынымен вакцинацияланбаған болып шықты. Ол жай ғана заңды бұзып, вакцинация паспортын сатып алған, бұл жайында оның жағдайы айтарлықтай ауыр болған кезде өзі мойындады", - деді жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бастығы Роза Қожапова.

 

Коронавирусқа қарсы вакцинацияланғандар арасында жұқтыру жағдайлары туралы сұраққа жауап бере отырып, маман вакцинацияланған адамдардың жұқтыру пайызы кез-келген ауруда болатынын атап өтті.

 

"Вакцина салдырған адам барлық жағдайды салыстырып қарағанда, ауру жұқтырғанның өзінде жеңіл дәрежеде өткізеді. Біз аурудың санын бақылап отырамыз - вакцинацияланған 1 дозаның ішінде инфекцияның 1325 жағдайы, 2 дозада егілген адамдар арасында - 964 жағдай",- деді жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бастығы Роза Қожапова.

 

Оның айтуынша, вакцина қабылдағандардың арасында ауруханаға тек ауыр ілеспе фонға байланысты шағым айтқандар.

 

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі алғашқы алты айда вакцинация паспорттарын бұрмалау бойынша төрт қылмыстық іс ішкі істер органдарында болғанын хабарлаған. Алматыда екі факт, біреуі Алматы және Ақмола облыстарында анықталды. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу әлі де жалғасуда.

 

 

 




Көрілген: 676    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.07.2021, 18:57

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30