Денсаулық

ВИЧ жұғуы мүмкін: астаналық дәрігер қазақстандық әйелдерді сақтануға шақырды

  • © azattyq.org

    © azattyq.org

Сұлулық салонында құлақ тескен кезде, ВИЧ жұқтыру қаупі бар. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ЖИТС-тің алдын алу және күрес орталығы емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі Гүлнәр Нұрғожина айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


Нұрғожина сұлулық салонына баратын қыз-келіншектерге құрал-жабдықтың стерилизациядан өткеніне көз жеткізуге кеңес берді. Әйтпесе, қауіпті вирус жұқтырып алуы ғажап емес.


"Маникюр мен педикюр жасаған кезде, ВИЧ жұқтыру қаупі төмен. Сұлулық салонында әр шебер қысқыш, қайшы, инелерді стерилдеп тазалап, өңдеп отыруы тиіс. Құлақ тескен кезде және татуировка жасағанда, міндетті түрде осыған назар аударыңыз. Әр клиент үшін бір реттік инелер қолданылуы тиіс. Бір реттік инелер көпке шыдамайды. Вирус жұқтыру қаупі бар. Сондықтан құрал-жабдықтың өңделуін мұқият қадағалан жөн", - деді ол Sputnik Қазақстанға.


Нұрғожинаның айтуынша, тіс емханаларында ВИЧ жұқтырып алу қаупі жоқ. Өйткені қазіргі заманғы клиникаларда барлығы өңделеді, санитарлық талаптар сақталады.


"Вирус жұқтырып-жұқтырмағанын білу үшін қан анализін тапсыру керек. Анализ ең көбі үш күн, біздің орталықта дайындалады. Егер бастапқы анализ оң нәтиже берсе, онда анық-қанығына көз жеткізу үшін ол Алматы қаласына жіберіледі", - деді бөлім меңгерушісі.


Өкінішке қарай, әзірге әлемде қауіпті дерттің емі табылған жоқ.


 




Көрілген: 1064    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.09.2019, 20:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30