Денсаулық

Вирус жаңа ортада өміршеңдігін ұзарту үшін мутацияланып жатыр – сарапшы

  • Вирус жаңа ортада өміршеңдігін ұзарту үшін мутацияланып жатыр – сарапшы

    Вирус жаңа ортада өміршеңдігін ұзарту үшін мутацияланып жатыр – сарапшы

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте профессор-иммунолог, Американдық денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі, Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман айтты.
Оның айтуынша, біз қазір пандемияның жаңа фазасы вирустің жаңа ортаға бейімделіп, өміршеңдігін ұзарту үшін мутациялану кезеңіне аяқ бастық.

Сарапшылар дельта штаммының жұқтыру мүмкіндігі 60 пайызға артық екенін алға тартып отыр. Сонымен қатар дельта штаммын жұқтыру госпитализациямен, қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін. Мұны біз елордадағы эпиджағдайды бақылау барысында байқап отырмыз. Оның тағы бір ерекшелігі балалар арасында жаңа штаммды жұқтыру көрсеткіші бес есе өскен. Алайда балаларда ауру ағымының қаншалықты ауыр өтетіні әлі белгісіз. Ал ересектер арасында вакцина алмағандар вирус жұқтыруға бейім, - дейді ол.
Сарапшының сөзіне сүйенсек, пандемияның жаңа кезеңі вакцина қабылдағандар мен қабылдамағандардың өмір сүру сапасына үлкен өзгеріс әкелді. Вакцинаның екі компонентін қабылдағандарда денсаулықтарына алаңдау сезімі төмен, оларда сенім басымырақ. Ал вакцина алмағандар үлкен қауіп-қатердің алдында тұр.

Коронавируске қарсы дәрі-дәрмектің жоқ екенін тағы бір мәрте атап өткен жөн. Біз тек вирустің салдарын емдеп жатырмыз. Бүгінде пандемиямен күрестің бірден бір жолы вакцина болып қалуда. Биомедицинаның жетістігінің арқасында әлемде бірнеше тиімді вакцина өндірілді. Оксфордтық университеттің мәліметіне сәйкес, әлемде үш миллиардтан астам вакцинаның дозасы пайдаланылды. Халықтың басым бөлігі АҚШ, Израиль елдерінде вакцинацияланды. Көптеген елдерде вакцинациялану қарқыны төмен. Олардың қатарында Қазақстан да бар. Біз қазір үлкен айсбергке жақындап келе жатқан кеме сияқтымыз. Мұндағы кеме - халық, айсберг - вирус. Ал әлеуметтік қашықтық, маска тағу, шектеу шаралары тек айсбергкке жақындауға мүмкіндік бермей тұрған тежегіш қана. Ал айсбергтің тезірек еріп кетуіне жағдай жасайтын құрал - вакцина. Оны айналып өтудің бірден бір жолы ұжымдық бірлік, біздің жағдайда ұжымдық иммунитет. Халықта ұжымдық иммуниет болмаса, шектеу шаралары тиімсіз болып қала береді, - деді ол.
BAQ.KZ




Көрілген: 2654    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.06.2021, 12:08

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30