Денсаулық

«Вирус жұқтырған дәрігерлерге 2 млн тг береміз деген соң...»: 120 дәрігердің сырқаты күмән тудырды

  • «Вирус жұқтырған дәрігерлерге 2 млн тг береміз деген соң...»: 120 дәрігердің сырқаты күмән тудырды

    «Вирус жұқтырған дәрігерлерге 2 млн тг береміз деген соң...»: 120 дәрігердің сырқаты күмән тудырды

Руслан Айтқұл есімді жігіт: «Ана 2 000 000 теңгені ауырып қалған дәрігерлерге жария қылмай беру керек еді... Не болды ал, енді бәрі ауырады, жолын әрмен қылсын, әрине (мысли в слух)», - дейді.

Әлеуметтік желіге Samat Nordman Nurtaza деген аты-жөнмен тіркелген белсенді күні кеше ғана елімізде «120 дәрігердің коронавирус жұқтырып алғанына» күмән келтірді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Президентіміз «вирус жұқтырған дәрігерлерге 2.000.000 тг береміз» деген жарлыққа дейін бірде-бір дәрігер ауырмаған. Әйтеуір, «дәрігер жұқтырды» дегенді естімедім өз басым. Енді бүгін 120 дәрігер мен медицина қызметкері індетті жұқтырды деген хабар тарап жатыр. Өмірдің мәні не?», - деді ол facebook парақшасында.

Оған журналист Тоқтар Жақаш: «Тағы біреуі 10 млн алайын деп әдейі өлейін деп жатыр деп қой», - деп қағытып еді, жазба авторы: «Олай демеймін, бірақ, менің ойымды жоққа шығаруға болмас. Кезінде ақша үшін ажырасқандар да болды», - деп өзінің ішкі ойына сенетінін аңғартты.

Оның ойын Аман Мұстафа деген азамат: «Өмірі аш болып келген дәрігер солай жасайды», - деп қостап отыр. Журналист Әсем Қабылбекова да: «Жұма күні министр Біртанов брифингте 28 дәрігер вирус жұқтырғанын айтқан еді. Дүйсенбі күні 120-ға өсіп кетіпті», - деп олармен өз пікірін үндестіріп қойды.

Ал Руслан Айтқұл есімді жігіт: «Ана 2 000 000 теңгені ауырып қалған дәрігерлерге жария қылмай беру керек еді... Не болды ал, енді бәрі ауырады, жолын әрмен қылсын, әрине (мысли в слух)», - дейді.

Желі белсендісі Гала Бақтыбай да мұндай мәселеге үн қоспай кетпейтінін дәлелдегісі келгендей: «Солар жұқтырды дейсіз бе? «Жұқтырғанның» қалтасына миллион кетсе, оны «растағанға» миллион кетті. Сонымен шоу бітті», - деп жоғарыдағы ой-пікірлерді өзінше толықтыра кетті.

Осылайша, дәрігерлер сырқатына қатысты мәлімдеме көптің көкейіне күдік ұялата бастады. Жалпы, биліктің енді «ақша берумен» мәселе шешуге тырысқанды қоюы керек сияқты. Өйткені, жақсатты болуға тырысып, халықтың несиесін кешіріп, карантиндегі уақытша жұмыссыздарға 42500 теңге көмек беріп көріп еді, керісінше, жаманатты болып қалды. Біреулері «несиеміз жабылмады» деп, екіншілері «42500 теңгені ала алмадым» деп у-шу болып жатқан нөпір, әйтеуір.

«Аш адамға балық берме, қармақ бер» дегендей, билік бұқараны несиесін де өзі жабатын, ақшасын да өзі табатын жұмыстарға орналастырып тастауы керек қой. Ал дәрігерлердің қалай ауырып жатқаны бір Құдайға ғана аян. Желідегі жұрттың айтып жатқанындай, егер ол да ақша үшін тәуекелге бару болып шықса ше?..

 

 




Көрілген: 2295    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.04.2020, 09:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31