Денсаулық

Вирустан жазылған Алматы орталық ауруханасы дәрігерлері үндеу жолдады

  • Фото: Facebbok

    Фото: Facebbok

Өткен айда коронавирус жұқтырған Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасының дәрігерлері вирусты жеңуге көмектескен әріптестеріне үндеу жолдады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

 

Дәрігерлердің ауызша және жазбаша медициналық қызметкерлерге алғыс білдіруі Facebook желісіндегі "Алматы, хочу похвалить/пожаловаться" тобында жарияланды.

 

Алғыс сөзді орталық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінің меңгерушісі Гүлнар Бердалина жазды.

 

Ол Орталық клиникалық аурухананың дәрігерлері емделіп жатқан Жекенова атындағы жұқпалы аурулар ауруханасының ұжымына алғысын білдірді, оның айтуынша, медицина қызметкерлері қиын және стресстік жағдайға қарамастан кәсіби шеберлік пен табандылық танытқан.

 

Бердалина коронавирус инфекциясын толығымен жеңгенін және ауруханадан шыққанын мәлім етті. Қалған әріптестері де емханадан шығарғанын күтіп жатыр екен.

 

Еске сала кетсек, Алматының орталық клиникалық ауруханасының жүзге тарта дәрігері қауіпті дертті жұқтырған. Осы шулы оқиғадан соң, мемлекеттік мекеме басшысы жұмыстан кетті. Кейінірек Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда коронавирус жұқтырған дәрігерлерге жауапты шенеуніктерді тауып, себептерін анықтауы керектігін айтқан болатын.

 




Көрілген: 597    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.05.2020, 18:34

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30