Денсаулық

Вирустық инфекциялардың алдын алудың негізгі жолдары қандай?

  • Вирустық инфекциялардың алдын алудың негізгі жолдары қандай?

    Вирустық инфекциялардың алдын алудың негізгі жолдары қандай?

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Көпсалалы медициналық орталығы» ШЖҚ МКК қалалық инфекциялық орталығының басшысы Татьяна Цечоева  ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Дәрігерлердің кеңестері: КВИ кезінде асқынулардың алдын алу» тақырыбы аясында өткен онлайн брифингке келіп, бірқатар сұраққа жауап берді.

 

Қазір күзгі-қысқы кезең - жіті респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) өршу кезеңі жүріп жатыр. Осыған байланысты коронавирустық инфекцияның өсімі байқалады. Коронавирустық инфекцияның ерекшелігі &ndash халқымыздың 70-75%-ы коронавирустық инфекцияның жеңіл ауырлықтағы немесе симптомсыз түрімен ауырады. Бұл аурудың алғашқы белгілері &ndash жоғары температура, бұлшықеттің ауруы, бас ауруы, иіс сезу қабілетінің жоғалуы. Бұл белгілер бір уақытта да, бөлек де байқалуы мүмкін. Әлсіздік пен тершеңдік пайда болып, бұл симптомдар білінгенде тыныс алудың қиындауы, ентігу, кеуде қуысының ауыру белгілері қосылады, - деді Татьяна Цечоева.

 
Ол жоғарыдағы симптомдар пайда болған кезде пациент тұрғылықты жері бойынша тіркелген емханаға қоңырау шалуы керек екенін айтты. Содан кейін тиісінше, медицина қызметкері емдеу тактикасын анықтайды.

Барлық вирустық аурулардың белгілері ұқсас. Коронавирустық инфекциямен ауырған кезде инфекция ең алдымен, өкпе және өкпе тамырларын нысанаға алады, соңынан тромбоз пайда болуы мүмкін. Содан кейін бактериялық флораны белсенділенру кезінде қабыну процесі жүреді. Науқастарды ауруханаға жатқызудың негізгі көрсеткіші өкпенің зақымдану көлеміне қарамастан пневмонияның дамуы болып саналады, - деді дәрігер.


Айсұлу МАМАНҚЫЗЫ

BAQ.KZ




Көрілген: 522    Пікірлер: 0

сенбі, 21.11.2020, 01:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31