Сенім

ЕҚЫҰ Қырғызстанда тұрақтылықты қалайды

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қырғызстандағы саяси әрі әлеуметтік дағдарысты реттеу үшін Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы ретінде Парламент Мәжілісінің вице-спикері Жәнібек Кәрібжановты Қырғыз еліне арнайы өкілі етіп тағайындаған болатын. ЕҚЫҰ-ның арнайы өкілі кеше Бішкекке барып, Қырғызстандағы жағдайды тезірек тұрақтандырумен байланысты мәселелерді талқылау үшін Қырғыз елінің өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.


ЕҚЫҰ-ның Хельсинки комиссиясының төрағасы, америкалық сенатор Бенджамин Кардин мен теңтөрағасы, конгрессмен Элси Хастингс Қырғызстандағы жағдайға байланысты өз алаңдаушылығын білдіріп, ЕҚЫҰ төрағасы Қазақстанның осы мәселеге байланысты қолға алған шараларын қуаттады. Олардың мәлімдемесінде: «Біз Қырғызстан халқын сабырлылыққа шақырамыз және соңғы бірнеше тәулік бойы орын алған тәртіпсіздіктерде жақындарын жоғалтқан отбасыларға қайғырып көңіл айтамыз. Біз жағдайдың барысын қадағалаудамыз, себебі жағдай әлі тұрақсыз, бұл – соңғы бес жылдағы Қырғыз Республикасы Үкіметінің наразы шерушілердің екпініне шыдас бере алмауының екінші оқиғасы. Бұл оқиғаға қатысты барлық тараптар дағдарысты бейбіт жолмен, зорлық-зомбылықты тоқтатып және әділ заңды негізге ала отырып шешуі керек. Тонаушылық әрекеттер дереу тоқтатылуы керек. Дағдарысты реттеу және елге қажетті диалогты қамтамасыз ету жөніндегі ЕҚЫҰ-ның күш-жігерін және ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы Қанат Саудабаевтың Бішкекке арнайы елші жіберу жөніндегі жедел іс-қимылын қолдаймыз», – делінген.


 




Көрілген: 2676    Пікірлер: 0

жұма, 23.04.2010, 15:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30