Кәсібің - нәсібің

Жаңашыл шаруалар ғана субсидия алады

  • Жаңашыл шаруалар ғана субсидия алады

    Жаңашыл шаруалар ғана субсидия алады

Оңтүстік Қазақстан облысында 50 мыңнан астам шаруа қожалығы бар. Жыл он екі ай жер тырмалап, еңбек еткен осы дихан қауымы күзгі жиын-терім кезінде еңбегінің жемісін көреді. Несібесін жерден тауып отырғандар алған өнімнің мол болғанын қалайды. Ол үшін шаруаларға мемлекет те көмек қолын созып келеді. Шаруаларға көп жылға жеңілдетілген лизингтік техникалар несиелер беріледі. Мемлекет тарапынан дихандарды қолдау бағытында атқарылып жатқан игі істер көңілді тоғайтады.

 

- Шаруаларға берілетін жеңілдетілген несие мөлшерін 18 миллион теңгеге дейін жеткізу, оның мерзімін бес жыл емес жеті жылға дейін ұзарту көзделіп отыр. Гектар бойынша берілетін субсидияны қайта қалпына келтіруге әрекет жасалып жатыр. Оған ұлттық қордан қаржы бөлу мәселесі шешілетін болса, 15-ші қарашадан бастап бұл қаржы шаруаның қолына тиюі тиіс. Әзірше бұл субсидия мақта, жүгері, күріш дақылдарына беріледі. Келесі жылы гектар бойынша берілетін субсидияны мамыр айына дейін кешіктірмей беруді ойластырып отырмыз. Шаруаның өндірген мақтасының әр тоннасына да көбірек қаржы беруді шешсек дейміз, - дейді жергілікті дихандар.
Шаруа қауым еңбек етсе ғана оның нәтижесі болатындығын бүгінде жақсы түсінеді. Сонымен қатар, диқандар мемлекет тарапынан берілетін қаржылай қолдауларды да тиімді пайдалануда. Себебі бұл қаражаттардың тигізіп жатқан септігі зор. Жалпы, аграрлық саланы дамытуға Үкімет тарапынан беріліп жатқан субсидияның мөлшері жылдан-жылға ұлғайып келе жатыр. Мысалы, қазір жердің құнары төмен болғандықтан, оған тыңайтқыш сеппей, өнім алу мүмкін емес. Бұл үшін мемлекеттен биыл 2,260 млрд теңге қаралды. Яғни, былтырғыға қарағанда 5 мың тонна артық тыңайтқышқа субсидия берілді. Дербес арам шөптерге қарсы химикаттарды алуға да мемлекет жәрдем береді.
 




Көрілген: 1743    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.12.2016, 17:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қыркүйек 2019
    Шипасы мол госпиталь!
    13 Мамыр 2017
    Зейнетақы өседі
    13 Ақпан 2017
    Бай болғың келе ме?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31