Кәсібің - нәсібің

Қырғыз қойшысы қазақ кәсіпкеріне қошқарын 50 мың долларға сатпай қойды

  • ©Turmush

    ©Turmush

Қырғызстанның Шу облысы Қант қаласының тұрғыны Тимур Тұрынбеков Ак Башат ауылында өткен көрмеде 50 мың долларға қошқарын сатудан бас тартты, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Turmush таратқан ақпаратқа қарағанда, мал өсірушінің гиссар тұқымды қойлары көп екен.

 

Қошқарым енді ғана 2 жас 7 айға толды. Сондықтан сатпадым. Біз одан көп тұқым алуымыз керек. Кошқардың бойының биіктігі ­- 1,3 метр, салмағы — 187 келі. Тек ірі әрі күшті қошқарларымнан туған қошақандарды ғана сатамын, — дейді Тимур Тұрынбеков.

 

 

Оның әкесі гиссар тұқымын 1980 жылдардан бері өсіріп келеді.

 

Әкем 30 жылдан бері қой бақты. Кеңес дәуірінен бері. Сосын мен оның ісін жалғастырдым. Балаларым жәрдемдеседі. Қойларымыз Корабль деген атақты қошқардан тарайды, — деп мақтанады қойшы.

 

Аталған көрмеде асыл тұқымды бір қошақан 35 мың долларға, екіншісі 15 мың долларға сатылыпты. Ал, "Фокус" есімді 3 жасар қошқарын сатып алғысы келген қазақстандық кәсіпкерлерге тіпті 50 мың АҚШ долларына да бермей қойды.

 

 

 

 

 




Көрілген: 1560    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.09.2021, 22:14

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қыркүйек 2019
    Шипасы мол госпиталь!
    13 Мамыр 2017
    Зейнетақы өседі
    13 Ақпан 2017
    Бай болғың келе ме?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31