Кәсібің - нәсібің

Мақтаның жаңа сортының сапасы жоғары

  • Мақтаның жаңа сортының сапасы жоғары

    Мақтаның жаңа сортының сапасы жоғары

Жыл сайын еліміздің оңтүстігінде мақтаның жиын-терін кезеңіне байланысты түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Осындай шаралардың бірі Түркістан ауданында өткен «Ақ керуен» жиыны. Осы жиын барысында Оңтүстік Қазақстан облысында мақтаның жаңа сорты пайда болған туралы жағымды жаңалық айтылды. Бұл сорт «Түркістан» деп аталады.

Аталған іс-шара Қарашық ауылдық округінде «Тұран» шаруа қожалығында өтті. «Түркістан» деп аталатын мақтаның жаңа сортының сапасы туралы ауылшаруашылық саласының мамандары анықтама берді. Ауыл шаруашылығы саласының мамандары мақта тінінің сұрыпталған сорттармен салыстырғанда әлдеқайда ұзын. «Түркістан» мақтаның ең сапалы тұры болып саналады. Енді түркістандық кәсіпорындар жергілікті мақта-мата өндіріс орындарын сапалы шикізатпен қамтамасыз ете алады.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы түркістандық шаруалар мақтанадан 17 мың тонна өнім алуды жоспарлап отыр. Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Т.Мусаевтың айтуынша, былтырғы жылы аудан бойынша мақта егістігі 3500 гектарды құраған, ал билығы жылы бұл көрсеткіш 6600 гектарды құрады.

Тәуелсіздік алғанға дейін біздің елімізде мақтаның отандық сорты болмаған. Бүгінде осы жұмыспен арнайы институт айналысады. Мұндағы ғалымдары соңғы жылдары 30-дан астам инновациялық технология жасап, өндіріске ендірді. Ал, кәсіпкерлік саласын дамыту үшін салынған индустриалды аймақта бүгінде 5 жоба жүзеге асырылған. Аймақтың инфрақұрылымына республикалық бюджеттен 345 миллион теңге бөлінген.
Мақта талшығы осы өсiмдiктiң беретiн негiзгi шикiзаты болып табылады. Шиттi мақтада 30-38% талшық, 50-56% шит болады, ал, шитте 18-22% мақта майы бар. Одан 20-дан астам түрлi дайын бұйымдар шығаруға болады.


Көрілген: 1516    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.11.2016, 15:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қыркүйек 2019
    Шипасы мол госпиталь!
    13 Мамыр 2017
    Зейнетақы өседі
    13 Ақпан 2017
    Бай болғың келе ме?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31