Кәсібің - нәсібің

Оңтүстіктің қарбыздары экспортқа шығарылуда

  • Оңтүстіктің қарбыздары экспортқа шығарылуда

    Оңтүстіктің қарбыздары экспортқа шығарылуда

Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары соңғы жылдары қарбыз өндіруге және оны сатуға ден қоя бастады. Нақтырақ айтқанда, Сарыағаш ауданындағы Бозай ауылдық округінің шаруалары еліміздің солтүстік өңірлерін есептемегенде, таяуда көршілес Ресей мемлекетіне 137,1 тонна қарбыз жөнелтті.

 

Еккен өнімді саудалап, қаржы көзіне айналдыру мәселесі ауданда жақсы жолға қойылған. Ол үшін Сарыағашта логистикалық орталықтар мен темір жол желісі күндіз-түні жұмыс істеп тұр. Бүгінгі күннің өзінде онда қарбыздан басқа ерте пісетін жемістер – өрік, шие, құлпынай, қара өрік пен көкөніс өнімдері ерте көктемнен бастап сатылымға шығады. Айта кетейік, биыл Сарыағаш ауданында 77460 гектар жерге ауылшаруашылығы өнімдері егілген. Сарыағаш ауданының мақтанышы тек бұл жеміс пен жүзімдер ғана емес. Мұнда биылғы жылы 77 мың 460 гектар жерге егіс егіліп, шаруалар барлығы 350 мың тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдерін жинаған. Атап айтқанда, Сарыағашта 232 134 тонна көкөніс, 37 077,6 тонна бақша өнімдері және 79 800 тонна картоп өнімдері алынған. Қазіргі уақытта бұл өнімдер ішкі, сыртқы нарыққа шығарылды. Аталмыш өнімдердің 20 пайызы жергілікті xалық пен облысымыздың басқа аудандарына жіберілсе, қалған 80 пайыз өнім еліміздің солтүстік, шығыс, батыс өңірлеріне, сондай-ақ, көршілес Ресейге экспорттқа жіберілуде. Жалпы Сарыағаш ауданының өнімдері көрші елдермен қоса елімізде де зор сұранысқа ие екенін айта кеткен жөн.

 




Көрілген: 1621    Пікірлер: 0

жексенбі, 04.12.2016, 16:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қыркүйек 2019
    Шипасы мол госпиталь!
    13 Мамыр 2017
    Зейнетақы өседі
    13 Ақпан 2017
    Бай болғың келе ме?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31