Кәсібің - нәсібің

Сарыағашта банан өсіріле бастады

  • Сарыағашта банан өсіріле бастады

    Сарыағашта банан өсіріле бастады

Соңғы жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары ауыл шаруашылығы саласына біржола ден қоя бастады. Соның айғағы тіпті тропикалық жемістерді де күнгейге жерсіндіре бастағаны. Бұл туралы сол кездегі облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов мырза жыл басында таң қалысын да жасырмаған еді.

"Оңтүстіктегі егiн алқабы 773 мың гектарды құрайды. Оның ішінде суармалы жер аумағы 440 мың гектарға жетiп отыр. Облыс бойынша жылыжайлардың жалпы көлемi бүгiнде 1025 гектарды құрайды. Соның iшiнде бiз өткен жылы 115 гектар аумақта жылыжайды iске қостық. Еліміздегі жылыжайлардың 87 пайызы Оңтүстік Қазақстанға тиесілі. Соның 50 пайызы Сарыағашта орналасқан. Сарыағашқа барғанда банан өсіріп жатқан шаруаны көрдім. Шынымды айтып таң қалдым. Өздерінен сұрағанда экспримент ретінде өсіріп жатқандарын айтты", – дейді Б. Атамқұлов. Расында да банан секілді жемістер елімізге толықтай шекара асып жеткізіледі. Елімізде өсіру туралы ойламай да келсек, күнгейдегі дихандар бұл жемісті де жерсіндіру туралы ойлай бастағанын байқаймыз. Бұған дейін Оңтүстікте лимон да өсіріле бастағанын айтсақ, алдағы уақытта мұндай тропикалық аймақта өсетін жемістерді өз туған жеріміздің өнімі ретінде дәм тата бастауымыз әбден мүмкін.

 

Сарыағаштағы шаруа Танабай Шынтасов жетекшілік ететін "Жер сыйы" ЖШС тұқымбағы, "Ынтымақ-Бесарыс" ЖШС секілді шаруа қожалықтары осындай шаруалардың қатарына жатады. Бұл серіктестіктерде түрлі жеміс және субтропикалық, декоративтік көшеттер өсіріледі. Сондықтан алдағы уақытта Сарыағаштық дихандардар күтер үміт мол болып тұр.

 




Көрілген: 2168    Пікірлер: 0

жексенбі, 04.12.2016, 16:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қыркүйек 2019
    Шипасы мол госпиталь!
    13 Мамыр 2017
    Зейнетақы өседі
    13 Ақпан 2017
    Бай болғың келе ме?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31