Кәсібің - нәсібің

Шілдеде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 800 млн теңге түсті

  • Шілдеде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 800 млн теңге түсті

    Шілдеде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 800 млн теңге түсті

Ағымдағы жылдың шілдесінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 800 млн теңге түсті. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрайымы Елена Бахмутова мәлім етті.

«27 шілдедегі жағдайға сәйкес 548,2 млн теңге түсті. Оның ішінде аударымдардың үлесі 38, ал жарналардың үлесі 62 пайызды құрайды. Айта кетерлігі, 48 пайызы ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығындағы жеке кәсіпкерлердің аванстық төлемдері болып табылады», - деді ол. Оның айтуынша, аударымдар мен жарналарды төлеу жағынан көш басында еліміздің 4 өңірі тұр. Олар: Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Алматы облыстары. Аталған 4 өңірдің аударымдары қорға түскен қаржының 49 пайызын құрайды. 27 шілдедегі жағдай бойынша қаражатты 235 мың жеке тұлға аударған. «Жедел мәліметтерге сәйкес, шілдедегі жалпы түсімдердің көлемі 800 млн теңгеден асып жығылады. Аударымдар мен төлемдер төлеген жеке тұлғалардың саны 384 мың адамнан асты. Біздің болжамға қатысты айтар болсам, тамыз айында қорға түсетін түсімдердің көлемі артуы тиіс. Себебі шілде айының төлемдерін аудару мерзімі тамыз айында аяқталады. Сондықтан біз тамызда шамамен 4,5 млрд теңге түседі деп отырмыз. Ағымдағы жылғы базалық аударым 23 млрд теңгені құрамақ», - деді Елена Бахмутова. 

Алаш айнасы




Көрілген: 1561    Пікірлер: 0

сейсенбі, 01.08.2017, 11:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қыркүйек 2019
    Шипасы мол госпиталь!
    13 Мамыр 2017
    Зейнетақы өседі
    13 Ақпан 2017
    Бай болғың келе ме?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31