Арал теңізін қалпына келтіру – "Ғасыр жобасы"

Арал теңізін қалпына келтіру – "Ғасыр жобасы"

«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының негізгі бағыттарының бірі –Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бұл игілікті іс жүзеге аса бастады.

Өткен ғасырдың орта шенінде Арал теңізі әлемдегі ең ірі төрт көлдің қатарына енген. Теңіз аталуының себебі де осы. Орта Азиядағы суландыру каналдарының ауқымды құрылысы жүргізілген уақытта алып теңіз шөлді мекенге айнала бастады. Бүгінде құрғаған теңіз табанының көлемі 4 млн.гектар аумақты алып жатыр. Арал теңізінің экологиялық апаты туралы барша адамзат біледі деуге болады. Оның құрғап кетуінің себебі де көпшілікке мәлім.

Арал теңізі тартылғанға дейін 68 мың шаршы шақырым аумақты алып жатты. 1961 жылдан бастап ауыл шаруашылығы жерлерін суландыруға көп ресурс қолданылғандықтан көл көлемі азая бастады. Қырық жыл өткеннен кейін Арал теңізінің орны құмға айналып шыға келді. Ең өкініштісі, мұны адам өз қолымен жасады.

Адамзаттың табиғатқа орасан зор зиян келтіре алатынының бір дәлелі – Арал теңізі. Белгілі ғалым Шигео Катсудың айтуынша, теңіздің оңтүстік бөлігін қалпына келтіру өте қиын. Алайда Қазақстан аумағында орналасқан солтүстік бөлігін бастапқы қалпына келтіруге мүмкіндік бар. Бүгінде теңіздің солтүстік бөлігін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Отандық экологтардың айтуынша, қазіргі таңда  Сырдария өзені сағасы кеңейіп, өткізгіштігі мен ирригациялық көлдерді сумен қамтамасыз етуі артқан. Соның нәтижесінде Арал теңізінде су көлемі 11,5 текше километрге ұлғайды.

Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау жобасын іске асыру нәтиже бере бастады. Экологтар Арал теңізін қалпына келтіруді «Ғасыр жобасы» деп атайды.   

 Қазіргі уақытта Солтүстік Арал теңізінің Көкарал бөгеті, Әйтек құрылыс кешені, Сырдария өзеніндегі қорғаныс бөгеттері салынды;

Қызылорда, Қазалы қалаларының гидротораптарында, Шардара және Арнасай су қоймаларының бөгеттерінде құрылыс жұмыстарының едәуір көлемі жүргізілді.Осындай жұмыстардың нәтижесінде Арал теңізінің солтүстік бөлігіне су көлемі ұлғайды. Арал теңізі өңірінде біршама биологиялық алуантүрліліктер қалпына келтіріліп, ауыл шаруашылығы алқаптары суармалы сумен қамтамасыз етіле бастады.

Жобаның бірінші фазасында келесі жұмыстар атқарылды: Сырдария өзені арнасының су өткізгіштігі  350-ден 700 м/с дейін артты; географиялық климат түзуші нысан ретінде Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтауға күш салынуда;  ирригациялық және көлдік жүйелердің сумен қамтамасыз етілуі артты; Шардара бөгетін пайдалану қауіпсіздігі мен СЭС-інің жұмыс режимі тұрақтандырылды.

Өзендегі құрылғылардың сапасы артып, оларды қолдану мерзімі ұзартылды.  Су тораптары жақсарды.

Биыл Арал өңірінің биоалуантүрлілігі қалпына келтірілді;

Бұл өңірдегі көлдерді қалпына келтірудің нәтижесінде  балық шаруашылығын дамытуға мүмкіндік туды. Бұрын теңізде жоғалып кеткен балықтың 13 түрі қалпына келтірілді. Балық аулау көлемі 400 -ден 7,0 мың тоннаға дейін ұлғайған. Алдағы уақытта Арал теңізіндегі балық шаруашылығын қайта жаңарту жоспарлануда.

1960 және 1980 жылдар аралығында теңізінің қажеттіліктерін ескермеу салдарынан жылына 60 киллометрге тең су ағыны 9-12 киллометрге дейін тартылып кетке болатын. Осының салдарынан Арал теңізі балық шаруашылығы мен рекреациялық маңызын жоғалтты. Қос өзен Әмудария мен Сырдария өзендерінің бірегей ландшафттық аймақтары нашарлап, теңізге жақын аудандардың климаты өзгерді. Ал климаттың жақсаруы үшін Арал теңізін қалпына келтірудің маңызы зор.

 Айнұр Нұрсабет

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста