ЖАСЫЛ ЭНЕРГЕТИКА ЖЕР АСТЫНДА «ЖАСЫРЫНЫП» ЖАТЫР

ЖАСЫЛ ЭНЕРГЕТИКА ЖЕР АСТЫНДА «ЖАСЫРЫНЫП» ЖАТЫР

Жалпы, адам баласы пайдаланатын энергия көздерін шартты түрде екіге бөледі. Оның бірі – дәстүрлі энергетика көздері: атом, жылу, бу, су электр стансаларынан алынатын электр қуаты. Екіншісі - жаңартылған энергия көздері: күн, жел, толқын, жер асты жылуынан алынатын энергия. Осының ішінде көп айтылмай жүргені сол – жер астынан алынатын энергия мәселесі.Оны ғылым мен кәсіп тілінде геотермальды энергетика деп атайды.

Жалпы, қазақ баласына ыстық қайнардың суын емге қолдану таңсық емес.  Сонымен қатар Жаркент және Түркістан облысындағы бірқатар шаруашылықтар қыстың суығында үй мен кәсіпорынды жылытуға сол ыстық бұлақ суын пайдаланады. Бұл жылу энергетикасы. Ал терең үңіліп көрсек, жер астында қоры таусылмайтын, айнала қоршаған ортаны ластамайтын орасан энергия көзі бар.Жерді терең қазған сайын топырақтың жылуы ұлғая беретіні белгілі. Бұл жер ортасындағы отты пеш - ядроның энергиясы, соның топырақ пен тау жыныстары қызуымен жеткен жылу қуаты. Құбыр мен құдық қазушылар жақсы білетін мынадай дерек бар: ол орташа есеппен әр 100 метр тереңдеген сайын жер астындағы жылу 2,5 градусқа көтеріле береді. Яғни, жердің астында 4-6 шақырым тереңдікте ол 100-ден бастап 300 градусқа жетуі мүмкін.

Ғалымдардың айтуынша болашақтың мәңгілік энергия көзі осында жатыр. Осы жылуды жер бетіне шығарып, су, бу, жылу және электр энергиясын алудың бірнеше жолы бар. Атлантика мұхитындағы Исландия аралы өзінің барлық электр және жылу энергиясына деген қажетін осы геотерма арқылы жабдықтап отыр. Жалпы, жер қыртысында жарықшақтар мен терең үңгірлер бар. Бұл жер асты термаэнергиясын пайдалануға үлкен мүмкіндік.

Алғаш рет геотермаэнергияны пайдалану тәжірибесін француздар 1963 жылы жүзеге асырды. Одан кейін бұл тың дүниені Америка сынақтан өткізе бастады. Американың бұл іске ғылым мен қаржыны аямай төккені сондай, қазір 224 жоба петротерма арқылы жылумен жұмыс істейді. Геотерманы болашақтың ісі деп түсінген 65 мемлекет қазір зерттеу жүргізіп, әртүрлі жобаларды сынақтан өткізіп жатыр. Оның себебі мынада: мамандардың сараптауынша және алғашқы сынақтардың нәтижесіне қарағанда, геотермалды энергия көздері жылу және атом энергиясы қондырғыларымен салыстырғанда 2-5 есе тиімді екен.

Мамандар бір геотермальды ұңғы жылына 158 мың тонна көмір үнемдеуге мүмкіндік беретінін есептеп шықты. Енді жер қыртысын бірнеше шақырымға дейін тесе алатын арнайы бұрғы-снарядтар жасап жатыр. Сөйтіп, жер астынан 150 градус қызу алса – үйлерді жылытып, 180-200 грудус ыстық алса – кәсіпорындарға қызмет етіп, 220-250 градус астық ауаға жетсе – электр энергиясын өндіруге болады екен. Бұл жобалар 40 жыл мүлтіксіз қызмет етіп, 3 жылда өзін ақтап шығатын көрінеді. Және мұндай жобалар, орталықтан алыс, жол қатынасы нашар, қиын, шалғай аймақтарды дамытуға өте қолайлы. Яғни, кең байтақ, таулы-қыратты қазақ даласын энергиямен қамтамасыз етуге қолайлы жоба. Геотермалды энергия көзін құру да пәлендай қиын емес. Жерге бірнеше бұрғы қазып, оның бойымен суық су айдайды, екінші бұрғы жер астында қайнап жатқан суды кері шығаруға арналады. Су қажет температураға жетпесе, бірінші бұрғының бойымен қайта қуалауға болады. Сақылдап қайнап шыққан суды жер бетінде пайдаланудың тәсілдері жетерлік. Сонымен петротермаль (геотермаль) энергиясының артықшылығы мен кемшілігін нақты түйіндеп шығайық.

 Артықшылығы:

-барлық жерден алуға болады, қоры мол;

-тұтынушыдан қашық емес және ыңғайлы;

-пәлендей көп қаржы мен шығын кетпейді;

-көп қуат жұмсау да қажет емес;

-қалдық пен қоқыс мүлде аз;

-пайдалау кезінде қауіпсіз;

-экологиялық жағынан таза.

-мыңдығын шақырымдық құбыр мен электр желісі қажет емес:

 Кемшіліктері:

-тасымалдауға жарамайды;

-жинақтауға қолайсыз;

-Қазақстанда өндірістік жолға қойылмаған, құрал-жабдықтары жоқ.

 

Сөйтіп артықшылығы көп екенін көріп отырмыз. Әсіресе, газ құбыры жете қоймаған, көмір қымбат, жолы қиын таулы аймақтар мен өте алыс қиын шеттегі елді мекендер үшін өте қажет жылу-электр кешені екеніне сөз жоқ. Оның үстіне қазақ жерінде терең ұңғы қазылмаған жер аз болар. Ал, еліміздің батыс өңірінде мұнай мен газды барлауға қазылған ұңғының саны тіпті көп-ақ. Мамандардың айтуынша сол ұңғыларды пайдалануға әбден болады. Олардың тереңдігі бірнеше шақырымға жететінін ескерсек, жер астынан энергия өндіруге жарайтын 250-300 градустық бу мен қайнаған су алуға болады. Тек осы мүмкіндіктерді жинақтап, сараптап, қорытынды шығаратын мамандар тобын құру қажет. Тіпті арнайы мемлекеттік бағдарлама құруға болады. Бұл біздің емес, еліміздегі энергетика саласының білікті ғалымдары шоғарланған «Энергоүнем және энерготиімділік технологиясы» ғылыми-зерттеу институтыны мамандарының ұсынысы, ойлары. Олардың жылу энергетикасын пайдалауға байланысты ұсыныстары жетерлік. Оны біз келесі мақаламызда сөз етерміз. Ал, әзірше қазақ жеріндегі геотермалды энергия өндіруге қолайды жерлерді саралап алайық.

Мамандардың айтуынша, орташа және төмен температурадағы геотермальды су ресурстары бар жерлер Түркістан облысындағы Қапланбек ауылының маңы. Алматы қаласының маңындағы ыстық қайнарлардың температурасы 80-120 градусқа жетеді. Түйіндеп айтар болсақ: Шымкент, Тараз, Қызылорда қалаларының маңында 1200-2100 метр тереңдіктегі температура 45-80 градустың маңайында. Шу өзенінің маңы мен Қызыл құмда температура 80-90 градусқа жетеді. Іле өзенінің аңғарындағы жерлердегі 2000-3500 метр тереңдіктегі температура 90-115, ал 4500 метр тереңдікте 170 градусқа жетеді екен. Талдықорған маңында 90 градус, Үстірттегі мұнай ұңғыларыннан алған деректер 120 градусты көрсетіпті. Сонымен қатар гидротермальды артезиан бассейндері Сырдария, Маңғыстау, Үстірт, Келес, Зайсан, Ертіс, Шу, Сарысу өзендерінің бойында бар. Олардың орташа температурасы 100 градусқа жетеді. Ол аз десеңіз, Солтүстік Қазақстандағы колледж мамандары қазірдің өзінде геотермальды сумен жылынып отырғаны белгілі жайт.

Осының өзі біздегі энергия көздері туралы айтқанда, жер асты энергетикасын, геотермальды энергияны пайдалануды ұмытпау қажеттігін көрсетеді. Бұған айрықша мән беріп, арнайы зерттеу жұмыстарын жасап, тұтас кешенді бағдарлама қабылдауға болады. Еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында геотермальды энергетиканы дамыту өте үлкен әлеует екенін біз білуге тиіспіз.

 Серік Ақынжанов

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста