ЖАСЫЛ ЭНЕРГЕТИКАНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

ЖАСЫЛ ЭНЕРГЕТИКАНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

Жасыл энергетика мәселесі әлем жұртын ойландыра бастағанына біраз болған. Соңғы кездері Украйнадағы жағдай мұнай мен газ мәселесін тіпті ушықтырып жіберді. Көмерсутегі шикізаттартарының бағасы тіпті шарықтап,әлемдегі кезекті экономикалық дағдарыс тудыра бастады. Сөйтіп, дамыған елдер жасыл энергетиканы дамытуға шындап кірісіп кетті. Дәл осы жасыл энергетика мәселесінің Қазақстандағы жағдайы қандай?

Қазақстан энергетиктері жасыл энергияның үлесі көбейте ала ма?
Қазақ елі электр энергиясы өндірісіндегі жаңғыртылған энергия көздерінің үлесі 2025 жылға дейін 6 % жеткізбек. Ал 2030 жылға қарай 15%, 2050 жылы жаңғыртылған және балама қуат көздерін жалпы энергия өндірісінің жартысына жеткізуді көздеп отыр. Оның алғашқы қарлығаштарының бірі «Астана EXPO-2017» жел электр стансасы Елордадан 35 шақырым жерде, Ақмола облысы Аршалы ауданы Қостомар ауылында орналасқан. Осы компанияда жұмыс істейтін «ЦАТЭК Green Energy» ЖШС бас инженері Владислав Гарбовский былай дейді: «біздің жел энергетикасы стансасында 29 жел турбинасы бар. Әрбір жел турбинасының қуаты 3,45 МВт.

Барлық турбинадан жиылған желпаркі ауласындағы қосымша жинақтау стансасына құйылады. Сосын ол 220 киловольт деңгейіне жеткізіліп, KEGOC жүйелік операторының желісіне беріледі».
Маманның айтуынша елімізде жасыл энергетиканың болашағы үлкен, бірақ қуат өндірудің шұғыл өзгермелі болуы мен күн және жел энергиясын жинақтау жүйесі жетіспейді.
«Жаңғыртылған энергия көздерінің жұмысы табиғи жағдайға тікелей
байланысты. Мысалы, жел энергиясы желдің қуатына байланысты өндіріледі.
Жел қатты болса - өнім мол, жел жоқ болса - аз. Яғни, оны нақты пәлен
өндіреміз деп жоспарлау қиын. Осыған байланысты KEGOC желісіндегі
энергия мөлшері азайып, не болмаса көбейіп кетеді. Қуат өндірудің шұғыл өзгермелі болуының керек жері осы. Мысалы, газ турбиналы станцияның іске қосылып, жетпей қалған энергия мөлшерін беруіне бес минут уақыт жеткілікті. Сонымен қатар бар мен жоқты толықтырып тұратын қуат жинақтау станциясының да қажеттілігіне бір себеп осы. Сондықтан болашақта салынатын жасыл энергия стансаларына өзгермелі шұғыл энергия көздері мен қуат жинақтау жүйесін салуды міндеттеу керек шығар» дейді маман.
Жалпы Қазақстандағы жаңғыртылған энергия көздерінің қуаты Орталық
Азиядағы барлық жасыл энергия өндіруден 20 есе көп.
Қазақстан-Неміс университетінің жаңғыртылған энергия көздері мен ауа-
райының өзгерісі жобаларының менеджері Кобзев Алексей бұл мәселені
былай бағалайды: «Қазақстандағы жасыл энергетиканың даму қарқыны
ерекше. Қазақстан жаңғыртылған энергия нысандарын орнату бойынша
Орталық Азияда көшбасшы. Мемлекет 2009 жылы жаңғыртылған энергия
көздерін дамыту бағытын ұстанды, енді сол жоспарды жүзеге асыруға жұмыс істеп жатыр. Энергетика министрлігінің дерегіне қарағанда 2021 жылы жаңғыртылған энергия көздері бойынша 19 жоба іске асырылыпты. Оған шамамен 400 миллион доллар инвестиция салынған. Сөйтіп, қазір жалпы республика аумағында жаңғыртылған энергия өндіретін 134 нысан жұмысістеп тұр. Бұлар елдегі жалпы электр қуатының 3,7 пайызын береді. Яғни, 2025 жылы 6 пайыз болады деген меже қашық емес»
Қазақстан жасыл энергетикаға байланысты Париж келісіміне қол қойып,
2016 жылы ратификация жасаған. Жаңғыртылған энергия көздері бойынша Халықаралық агенттік IRENA болжамы бойынша еліміздегі жасыл энергетика нысандары әлі 2050 жылға дейін 10 есе көбеюі керек. Сол кезде біз Париж келісімі бойынша шарт орындайтын боламыз. Ол әрине, энергия тапшылығын азайтумен қатар жүреді.

С. Ақынжанов

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста