Шартарап

10-11 жастағы баланың сатылатыны туралы хабарлама жұртты дүрліктірді

  • © CC0 / Beatrice Schmuki

    © CC0 / Beatrice Schmuki

Бішкек қаласының хабарландырулар қызметінде "10-11 жастағы бала 200 сомға сатылады" деген хабарлама жарияланды, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан тілшісі.

"Буындырып, тепті": Алматылық қызды ұрлап әкетіп, жезөкшелікке мәжбүрлеген

Хабарландыру Lalafo сервисіне шықты. Осы хабарламадан кейін әлеуметтік желілерде отырған халық дүрлігіп кетті. Сервистің өкілі Екатерина Светачева 10-11 жастағы баланың 200 сомға (шамамен 1000 теңге – Sputnik Қазақстан) сатылатыны туралы хабарламаның жарияланғанын растады. Алайда оны көп ұзамай, алып тастапты. Себебі оны екінші сынып оқушысы ойнап шығарған.

"Бала бәрін ойнап істеген. Өзі кітап пен жапсырмаларды сатумен айналысады екен. Оның аккаунты бойынша барлық хабарландыруды қарасаңыз, оқушының ойнап істегенін байқауға болады. Өкінішке қарай, кімнің фотосын салғанын білмейміз. Біз оған хабарлама жаздық. Бірақ ол жауап берген жоқ", - деді Светачева.

Оның сөзіне қарағанда, осы оқиғадан кейін Lalafo-да модерация талаптары күшейтіледі. Ал Бішкек қаласының милициясы тексеріс шараларын бастағанын хабарлады.

 sputnik




Көрілген: 392    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.01.2020, 08:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30