Шартарап

100 000 доллардық бәстесу. Покерші 30 күн бойы ваннадан шықпаған

  • 100 000 доллардық бәстесу. Покерші 30 күн бойы ваннадан шықпаған

    100 000 доллардық бәстесу. Покерші 30 күн бойы ваннадан шықпаған

2019 жылы Рич Алати деген америкалық покер ойыншысы мен Рори Янг деген австралиялық покер ойыншысы Лас Вегас қаласында кездейсоқ жолығып қалады. Таныс-біліс кезінде Рич Алати қараңғы жерде бір айын өткізе алатынын айтады. Рори Янг болса Рич Алатиге тас қараңғыда бір ай бойы жатуға шыдау мүмкін емес екенін айтады. Осылайша екі покерші бәстеседі. Бәстің шарты бойынша Рич Алати бір ай (30 күн) уақытын қараңғы, ешқандай жарық түспейтін, ешқандай дыбыс та кірмейтін ванна бөлмесінде смартфон немесе басқа да гаджетсіз өткізуі керек. Бәс құны&hellip 100 000 доллар (біздің ақшамен 42 миллион теңгеден асады). 

 Сонымен Рич Алатиге «қамалатын» ванна бөлмесі дайындалады. Рич Алати «абақтысына» кіреді. Есік жабылады. Ол қай уақыт екенін, қанша күн өткенін біліп алмауы үшін оған тамақ әртүрлі уақытта беріліп отырады. Бәстесу кезінде Рори Янгтың оңай ұтыстан дәмесі зор болған. Бірақ Рич Алати оңай шағылатын жаңғақ емес болып шықты. Бірер күннен соң неше түрлі нәрсе елестеп, галлюцинацияларға бой алдырса да, барынша шыдап бақты. Екі апта өткен кезде мониторлар арқылы «тұтқынын» бақылап отыра беруден жалыққан әрі қомақты қаржының жартысын болса да өзінде қалдыруды ойлаған Рори Янг Рич Алатиге қамақтан шығып, ақшаның жартысын алуды ұсынады. «Тұтқын» бұған келіспейді. Басқа ұсыныстардан Рич Алати бас тартады. 

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтсақ, 20 күн өткен кезде Рич Алати 62 400 долларды алуға келісіп, түнекбәстің жеңімпазы болып, тура мағынасында жарық дүние есігін ашады. 

Солай... өзім бұлай 20 күнімді қараңғы жерде өткізуге шыдай алмас едім деп ойлаймын. Сіз ше? 

Sayat Ämirbek  bugin.kz




Көрілген: 862    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.02.2021, 14:09

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30