100 млн рубль талап еткен: Ксения Собчак "расизм мен ксенофобия" үшін айыпталуда (видео)

22 желтоқсан 2021, 00:29

 Тележүргізуші Ксения Собчак нәсілшілдік пен ксенофобия үшін айыпталуда. Инвестор әрі интернет-мектептің жетекшісі Сергей Бриз өзінің "Инфосығандар" фильмі арқылы сығандарды балағаттағаны үшін одан 100 миллион рубль талап ететінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Сот процесі туралы Собчактың өзі "Кровавая барыня" Telegram-арнасында айтты. Тележүргізушінің заманауи блогерлер әртүрлі күмәнді онлайн курстар мен марафондарды сату арқылы интернетте қалай ақша табатыны туралы фильмі шағым жазылуына себеп болған.

 

Ксения өз видеосында оларды "инфосығандар" деп атайды екен. Тележүргізуші "инфосыған" терминін өзі ойлап таппағанын баса айтты.

 

"Менің ешбір ұлтқа қарсы қате көзқарасым жоқ, біздің видеода билеген сығандар бұл идеяны қуана қолдады. Түйіндеп айтайын. Сығандарға қатысты: тарихы мен мәдениеті бай халық, құрметтеймін", – деді Собчак.

 

Сергей Бриз Instagram-да өз талаптарының мәнін түсіндірді.

 

"15 желтоқсандағы бейнежазбаңызда бейшара деп санайтын ақпараттық бизнесмендер туралы айтыпсыз. Сіздің өз пікіріңіз бар және оны білдіре аласыз, бұл құқық сізге Конституция арқылы берілген, бірақ бір мезгілде өз отандастарыңызды ұлттық негізде қорлауға құқығыңыз жоқ. Сіз ұлтты қара сөз ретінде, алдау мен алаяқтықтың символы ретінде пайдаланып, Ресейдегі 800 мыңға жуық сыған этносын қорлайсыз", – деді Бриз.