Шартарап

13 жастағы қыз 10 жастағы баладан жүкті болып қалды. Дәрігер не дейді?

  • © vladtime.ru

    © vladtime.ru

Ресейдің Красноярск өңіріндегі қаланың бірінде 13 жастағы қыз 10 жасар баладан жүкті болған. Бұл туралы "Комсомольская правда" өз дерек көзіне сілтеме жасап, мақала жариялады, деп хабарлайды kaz.zakon.kz.

Балалар бөлек мектепте оқиды (қыз 7-сыныпта, ұл 4-ші сыныпта оқиды). Әлеуметтік желіде екеуінің аккаунтында "Азаматтық некеде" деп те көрсетіліп қойған.

"Қыздың жүкті болғанына - 7 апта", - дейді дереккөз.

Полиция бұл оқиғадан хабардар, қазір тексеру жүргізіп жатыр.

"Іс өте күмәнді, 50/50. Теориялық тұрғыдан алғанда, бұл әбден мүмкін нәрсе. Өйткені қыз - 13 жаста, ұл – 10 жаста, екеуі де репродуктивті жасқа енеді. Бірақ интуитивті түрде, мен мынаны айта аламын, өйткені бұл жайттан нақты хабарым жоқ, дегенмен, меніңше, баланы жай "көрсетіп жіберген", ал шынында бұған кінәлі мүлде бөлек біреу болуы ықтимал. Оны "осылай айт" деп мәжбүрлеуі әбден мүмкін ғой. Өйткені, балаға сот жоқ, оны ешкім жазаламайды бұл үшін. Бірақ мұның бәрін, әрине, сараптама арқылы оп-оңай анықтауға болады, солай жасалады да деп ойлаймын. Қарапайым тест бала ұрығының қабілеттілігін анықтап бере алады. Ал генетикалық сараптама баланың әкесі кім екенін нақты аша алады. Сол кезде бәрі өз орнына келеді. Әрине, бұл өте алаңдатарлық жағдай, дегенмен бәрін сараптама көрсетеді, сол кезде бұдан қандай да бір қорытынды жасауға болады", - дейді педиатр Николай Скоробогатов.

 




Көрілген: 641    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.01.2020, 16:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 08:51
    Қауіпті маса пайда болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30