Шартарап

14 адам бір тәулікте найзағайдан ажал құшты

  • © BAQ.KZ

    © BAQ.KZ

Бір тәуліктің өзінде Бангладештің 6 аймағында 14 адам найзағай түсіп қаза болып, 1 адам зардап шекті. Бұл туралы Dhaka Tribune жергілікті полицияға сілтеме жасай отырып хабарлады.


Екі айдың ішінде Бангладеште найзағай түсіп, 126 адам қайтыс болған. Олардың 21-і әйел, 7-еуі бала және 98-і ер адам. Олардай басым бөлігі – егістікте жұмыс істеп жүрген кезде немесе мал жайып жүргенде қаза болған. Сондай-ақ, мамыр-маусым айларында табиғи апаттан 53 адам зардап шеккен.


Бангладештің солтүстік өңіріндегі Майменсингх ауданында балық аулап отырған жас жігіт найзағайдан көз жұмып, оның інісі қатты зардап шеккен.


Сонымен қатар, Бангладештің батысындағы Чуаданга ауданында атокөлікке көкөніс артып жатқан 3 адамға найзағай түсіп, олар сол сәтте тіл тартпай кеткен. Ал елдің орталық бөлігіндегі Сунамгандж ауданында балық аулауға барған әкесі мен оның 12 жасар ұлы найзағай түсіп, қаза болған. Дер кезінде ауруханаға апарғанымен, дәрігерлер оларды құтқарып қала алмады.


Бұған дейін хабарлағанымыздай, Моңғолияда найзағай түсіп, 1300-ден астам мал шығын болды.


 BAQ.KZ




Көрілген: 371    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.07.2019, 10:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31