Мексикада еден жуушы Монтеррей қаласындағы құрылыс жүріп жатқан ғимараттың 14-қабатынан құлап аман қалды. Бұл туралы 24.kz тілшісі Televisa арнасына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.
Белгілі болғандай, әйел тұрған уақытша қызметтік еден құлап кеткен.
Ол 30 метрдей биіктіктен құлдилаған.
Зардап шеккен әйел тез арада ауруханаға жеткізіліп, оған тиісті медициналық көмек көрсетілген.