Шартарап

«15 адам ұсталды»: Қырғызстанда билікті басып алмақ болғандардың жолы кесілді

  • «15 адам ұсталды»: Қырғызстанда билікті басып алмақ болғандардың жолы кесілді

    «15 адам ұсталды»: Қырғызстанда билікті басып алмақ болғандардың жолы кесілді

Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ел аумағында билікті күшпен басып алмақ болғандардың жолы кесті, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан. 

Билікті басып алу үшін жағдайды тұрақсыздандыруды жоспарлаған топты Қырғызстан ІІМ қызметкерлері парламент сайлауы алдындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары барысында анықтаған.

"Сайлау өте сала елдегі қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандырып, арандату арқылы ары қарай билікті күштеп басып алуды жоспарлаған бір топ тұлға жайлы деректер анықталды", - делінген Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Аталған топ Жогорку Кенеш депутаттары мен өзге де деструктивті көзқарастағы шенеуніктердің басқаруымен әрекет еткен.

"Аталған топ өткелі отырған парламент сайлауының нәтижелері жарияланған соң жекелеген саяси күштердің, оның ішінде сайлауда жеңілгендердің қолдауына иек артып, Бішкек аумағында жаппай қарсылық шараларын ұйымдастырып, ары қарай билікті басып алуды көздеген", - дейді ведомствоның баспасөз қызметі. 

Басылымның хабарлауынша, топ құрамына агрессивті көзқарастағы жастарды жинап алған. Олар артынша қарсылық ұйымдастыруға тиіс болған.

Құқық қорғау органдары белсенді қатысушылардың тұрғылықты жері мен кеңселеріне тінту жұмыстарын жүргізіп, олардың қылмысқа қатысуға дайындалғанын дәлелдейтін құжаттар, қару-жарақ, оқ-дәрі мен есірткі заттарын тапқан.

Нәтижесінде қылмыстық топтың 5 мүшесі ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Аталған қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр. 




Көрілген: 843    Пікірлер: 0

сенбі, 27.11.2021, 16:33

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31