Шартарап

15 жастағы жеткіншек оқушы қыздың басынан балтамен ұрған

  • Даниил Пулькин. Фото: Lshot және pixabay.com

    Даниил Пулькин. Фото: Lshot және pixabay.com

Ресейдің Саратов облысында орналасқан мектепте келеңсіз жағдай орын алып, нәтижесінде 12 жастағы мектеп оқушысы зардап шекті. Мектеп оқушысының бірі қыз баланың басынан балтамен ұрған деп хабарлайды ТАСС-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


Оқиға Вольсктегі №4 мектепте орын алды. Оқу орнында емтиханға кезек басталған уақытта, сынақты тапсырушылардың арасында Даниил Пулькин тұрды.


Алайда ол мектепке балта мен Молотова коктейльмен келіпті. Жеткіншек жанып тұрған қоспаны кабинетке тастаған. Ал қыз бала күтпеген жерден жеткіншектің қолына құлап кетіп, ауыр жарақат алды.


Қазіргі уақытта жәбірленуші ауруханада жатыр. Ол көп қан жоғалтқан.


LIFE SHOT Telegram-арнасында шабуылдаушы жеткіншек туралы ақпарат пайда болды.


"15 жастағы Даниил - ұшқалақ жеткіншек. Ол туралы апасы айтып берді. Жас бала сабақты нашар оқиды және өте көп уақыт компьютер ойындарын ойнайды. Оның анасы - жеке кәсіпкер.

Папасы бірнеше жыл бұрын қайтыс болған. Мектепте Даниилді бұзық оқушы деп атайды. Көп агрессияға түсетіні де айтылды. Кейбір ақпаратқа сәйкес, жеткіншек полиция департаментінің есебінде тұр", - делінген хабарламада.


Туыстары бірнеше күн бұрын жеткіншектің белбеуіне ілінген балтаны байқаған. Бірақ олар интернет арқылы тапсырыс берген ойыншық деп ойлап, бұған мән бермегін айтыпты. 




Көрілген: 401    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.05.2019, 17:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30