Шартарап

16 жастағы жеткіншек педофилді өз қолымен өлтіргені үшін сотталып жатыр

  • 16 жастағы жеткіншек педофилді өз қолымен өлтіргені үшін сотталып жатыр

    16 жастағы жеткіншек педофилді өз қолымен өлтіргені үшін сотталып жатыр

Израиль прокуратурасы 42 жастағы педофилді өлтірген 16 жастағы жасөспірмге қылмысты қаса қана істеді деген айып тағып отыр. Тергеушілердің айтуынша, қылмыс егжей-тегжейлі ойластырылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Times of Israel басылымына сілтеме беріп.

Аты-жөні белгісіз израильдік жеткіншек әлемді педофилдерден “тазарту” миссиясын мойнына алған. Қылмыстан соң арада аз уақыт өтпей оның компютерінен қылмысын дәлелдейтін мәтін күйіндегі айғақтар табылған. 

 
Марқұм Хаим Визман осыған дейін педофилия үшін сотталған. Жасөспірім педофилмен желіде танысқан. Қысқа уақыттағы виртуалды қарым-қатынастан соң екеуі кездеспекші болады. Жеткіншек кездесуге өзімен бірге арнайы пышақ алып барған. Содан соң педофилді пышақтап өлтірген.

Кейін жас жігіт өзінің электрондық пошта жәшігіндегі барлық хат-хабарларды өшірген. Алайда полициясы күдіктінің жеке басын тез арада анықтаған. 

Алдымен жасөспірім марқұммен таныс болғанын жоққа шығарған. Содан кейін өзіне шабуыл жасалғанын, оны зорламақшы болғанын айтқан. Өз-өзін қорғау нәтижесінде өлтіріп қойғанын алға тартады. Кездесуге пышақпен келуінің себебін марқұмның ағаш кесумен айналысуы деп көрсеткен. Айтуынша, ол жас жігіттен пышақ әкелуін өтінген.

Тәжірибелі полицейлерге шындықты анықтау қиын болған жоқ. Істің анық-қанығын анықтау жасөспірімнің компьютерінен табылған мәтіндік файл арқылы мүмкін болған. Онда ол өзінің іс-әрекетін моральдық тұрғыда бағалап, келесі қылмыстар туралы ойтолғауын жазған.  

Мамандар сот баланың кәмелетке толмағандығына қарап, жазаны жұмсартатын шығар деген ойда. Алайда марқұмның қандықол қылмыскер болғаны оның жазасын жеңілдетпесі анық.

Stan.kz




Көрілген: 413    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.09.2021, 15:16

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31