Шартарап

17 адам неден қайтыс болғаны анықталды – полиция видео жариялады

  • https://regnum.ru/

    https://regnum.ru/

Орынбор полицейлері суррогат алкогольді заңсыз жасау және сату фактісі бойынша үш адамды ұстады. Олар жасаған ішімдіктен 17 адам уланып өлген, тағы 16 адам ауруханаға түсті.

 

 

Орынбор облысының үкіметі талдаудың нәтижесін жариялады. Оған сәйкес, қайтыс болған және зардап шеккен адамдардың ағзасында таза этанол анықталды, деп хабарлайды РИА Новости.

 

"Таза этанол – бұл адамды өлтіретін у. Ал кейбір адамдардың ағзасында этанолдың мөлшері өлтіретін дозадан үш-бес есеге артық болған", - делінген ресми ақпаратта.

 

Орынбор облысының денсаулық министрлігі аймақтың шығысына үздік нарколог мен реаниматолог мамандарды жіберді.

 

"Осы жұмысқа барлық ресурс тартылып отыр. Соның ішінде өкпені жасанды желдету аппараттары, санавиация да дайын тұр. Қазіргі кезде адамдарды құтқару үшін суррогат алкогольді ішкендердің бәрін анықтау қажет", - дейді министрлік мамандары.

 

Олардың айтуынша, заңсыз өнім ішкен адам бір сағат ішінде қайтыс болуы мүмкін. Сол себепті қазіргі кезде арнайы топтар үй-үйді аралап жүр. Олар алдымен тұрмысы төмен отбасыларды тексереді.

 

Ал құқық қорғау органдары бес бірдей қылмыстық іс қозғады. Үш адам ұсталды. Олардың ішінде Орск қаласының 29 жастағы тұрғыны, Ясненск қалалық округының Ақжар ауылының 60 жастағы тұрғыны және Домбар ауданының Красночабанский кентінде тұратын 47 жастағы әйел бар. Күдіктілер осы қылмыс үшін он жылға дейін сотталуы мүмкін.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 1008    Пікірлер: 0

жұма, 08.10.2021, 20:06

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31