Шартарап

17 жастағы төрт бозбала жантүршігерлік апаттан қаза болды

  • https://www.ktk.kz

    https://www.ktk.kz

17 жастағы жүргізуші, үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды.


Бішкекте 17 жастағы төрт бозбала жантүршігерлік апаттан қаза болды. Апат Шыңғыс Айтматов даңғылында болды – Skoda көлігі мен №8 жолаушылар автобусы соқтығысқан. Жеңіл автокөліктегі төрт бозбала көз жұмды. Жеті адам жарақат алды, оның ішінде жеңіл көлікте отырған қыз бар.


Ішкі істер бас басқармасының мәліметінше, 17 жастағы бозбала тізгіндеген Skoda жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, 30 жастағы жігіт жүргізіп келе жатқан автобуспен соқтығысқан. 17 жастағы жүргізуші, үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Қыз ауруханаға жатқызылды.


Қоғамдық көліктің жүргізушісі, сонымен қатар үш жолаушы ауруханаға жеткізілді.


Аталған факт Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 297-бабы "Жол қозғалысы қауіпсіздігі және автокөлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бойынша қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың бірыңғай реестріне тіркелді.


Сотқа дейінгі тергеу басталды, сараптама тағайындалды.


 ktk.kz




Көрілген: 968    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.09.2019, 09:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31