Шартарап

17 жасында 51 жастағы әйелді жар етіп алған жігіт жайлы не білеміз

  • 17 жасында 51 жастағы әйелді жар етіп алған жігіт жайлы не білеміз

    17 жасында 51 жастағы әйелді жар етіп алған жігіт жайлы не білеміз

51 жастағы Линда мен 17 жастағы бозбала Джейдің үйлену тойы кезінде көпті таңғалдырған еді. Олардың бір-біріне деген сезімі жиі талқыға түсіп, қоғам арасында сынға ұшырайтын. Алайда араға 18 жыл салып, ерлі-зайыптылар махаббаттың жас талғамайтынын дәлелдеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Интересно знать сайтына сілтеме жасап.

 

Линда көлік жүргізу мектебінде нұсқаушы болып жұмыс істеген, ал Джей оның оқушысы болған. Жас жігіт алғаш рет одан сабақ алуға келгенде Линда өмірлік жарын кездестіргенін о баста түсінбепті.

 

Айта кету керек, Линда Джейді кездестірген сәтте екі рет ажырасып үлгерген. Сол себепті ол өзінің теңін енді кездестіретініне сенімсіз болыпты.

 

Таныстықтарының алғашқы күнінен-ақ Линда мен Джей бірін-бірі жақсы түсінген. Олар көліктен басқа түрлі тақырыптарға әңгіме өрбітетін.

 

Анықталғандай, олардың қызығушылықтары, өмірге деген көзқарастары ұқсас болып шыққан.

 

Джей өзімен қатарлас қыздармен көңіл жарастырып көргенімен, олармен өзін жайсыз сезінген. Ал Линданың жанында жігіт расымен де бақыттан бал-бұл жанған.

 

Линда да жас жігіттен әлдеқайда үлкен екенін білсе де, сезімге ерік беріп, бәріне көз жұма қараған.

 

Джейдің ата-анасы оның сүйіктісі туралы білгенде, ашуға булыққан. Себебі Линда ұлдары тұрмақ, олардың өздерінен 10 жасқа үлкен еді.

 

Амалы таусылған ата-ана жігіттің сезімі суып, түбінде ұлдары райынан қайтады деген сенімде болған. Алайда 8 айдан кейін Джейдің Линдаға сөз салып, тұрмысқа шығуға ұсыныс жасағанын білген.

 

Бұл жаңалық Линданың 13 жастағы қызы мен 17 жастағы ұлының да көңілінен шықпаған. Олар болашақ әкелерінің өздерімен жасты болатынына көндіге алмаған.

 

Десе де, Линда мен Джейдің бас қосып, отбасы атанғанына биыл 18 жыл толған. Қазіргі уақытта Линданың жасы - 69-да, ал Джей - 36-да.

 

Осы уақыт аралығында ерлі-зайыптылар қоғам арасында жиі талқыға түсіп, көптің сынына қалған. Алайда жұбайлар оларға назар аудармауға тырысқан. Бүгінгі таңда ерлі-зайыптылардың кішігірім дәмхана мен наубайханалары бар.

 

Айта кету керек, қос ғашықтың ортақ балалары жоқ. Линданың сөзінше, ол тұрмысқа шыға сала балалы болуды ойлаған, алайда Джей өзінің әлі тым жас екенін айтып, оны райынан қайтарыпты. Есесіне жігіт сүйіктісінің балалары мен немерелерін бағуға дайын екенін жеткізген.




Көрілген: 1608    Пікірлер: 0

жұма, 19.06.2020, 21:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31