Шартарап

18+: Африка елінде алғашқы неке түні жасалатын жабайы дәстүрлер (фото)

  • © bigpicture.ru

    © bigpicture.ru

Екі жас отау құрып, шаңырақ көтерер кезде әр елде түрлі дәстүрлер жасалады. Шотландиялықтар қалыңдықтың үстіне лас қоймалжың зат құйса, Үндістанның кей халықтары адамға үйленбес бұрын, ағашпен неке қиюды жөн көреді. Ал Африка елдерінде алғашқы неке түні қандай жабайы дәстүрлер орындалады?


Бұл сұраққа bigpicture.ru сайты жауап береді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


1. Тәлімгерлер командасы



Бербер тайпасында күйеу жігіт пен қалыңдық тойдан кейін ешқашан бірге қалмайды. Олардың алғашқы неке түні ұжымды түрде өтеді деуге болады. Яғни, үлкен жатын бөлмеде жастарға бірнеше жанұялы жұптар қосылады. Олар енді отау құрған жұбайларға тәжірибе көрсетіп, ұялмауды үйретеді. Мұндай шара бес күнге дейін жалғасады.


2. Бәрі жақсы, мен майшам ұстап тұрдым



Руанда, Кенияда және суахилида сөйлейтін басқа елдерде алғашқы неке түні жастар қараусыз қалмайды. Ерлі-зайыптылар түннің қыр-сырын меңгеру үшін олардың қасына қалыңдықтың үлкен туысы жатады. Ол жастарға кеңес беріп, барлығының қалай өткенін куәгер ретінде баяндап береді.


3. Күтпеген қуаныш



Шона тайпасында алғашқы неке түні тойға дейін өтіп, күйеу жігітті таңғалдырады. Яғни, атастырудан кейін қыз көптеген туыстарымен бірге күйеу жігіттің үйіне кез келген күні келе алады. Ешетеңеден күмәнданбай жүрген күйеу жігіттің туыстары мұны дәл уақытында сезіп, құдаларын бимен күтіп алуы қажет. Осылайша, күйеу жігіт пен оның жанұясының күтпеген мәселелермен қалай күресетінін анықталады. Егер бәрі сәтті өтсе, келіншек неке түніне қалады.


4. Тазалықты тексеру



Уганданың солтүстік-батысында тұратын баньянколе тайпасында неке құруда қалыңдықтың әпкесіне маңызды рөл беріледі. Ол күйеу жігіттің күшінің шамасына көз жеткізу үшін той алдында сіңлісінің сүйіктісімен бірге түн өткізеді. Өз кезегінде әпкесі алғашқы неке түнінде де жас жұбайлардың жанында болады.


5. Белгісіз адаммен төсекте



Көптеген африкалық елдерде неке рәсімін ата-аналар ұйымдастырады. Ал жастар бір-бірін тек той күні ғана көреді. Ал Танзанияда мүлде бөлек. Мұнда қалыңдық мүлде салтанатты жиындарға қатыспайды. Барлығы көңіл көтеріп жүргенде ол үйде боянып, киініп, күйеуін күтіп отырады. Түнде күйеу жігіт келген соң ғана жанұялық өмір басталады.


6. Қалжың түні



Ливиялық мұсылмандарда той бес күннен көп болады. Алғашқы үш күнде қалыңдық пен күйеу жігіт уақыттарын өз үйлерінде өткізеді. Ал төртінші күні қалыңдық күйеу жігіт пен достарын шақырып, қызықты кеш ұйымдастырады. Бұл жиында достары қатты шулап, түнде жабық бөлмеде болатын жағдайға қатысты қалжыңдайды. Мұндай әзілдер екі жас қосылған соң да тоқтамайды.


7. Шашын алып тастау



Судан тайпасында тойдан кейін достары қалыңдықты күйеу жігіттің ауылына апарып, шашын толығымен алып тастайды. Осылайша, жастар тақырбас қызды жұбайына апарады. Бұл дәстүрдің мәні әлі анықталмаған, алайда шашы бар қалыңдық заңды некедегі күйеуімен төсекке жата алмайды.


 


 




Көрілген: 990    Пікірлер: 0

жұма, 17.05.2019, 10:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30