Шартарап

+18. Ондаған баланың көзінше әйелін пышақтаған ер адамның видеосы таралды

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Ресейдің Раменск қаласында әйелді төрт жасар баласының көзінше өлтіріп кеткен ер адамның видеосы таралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


РИА Новости ақпарат порталының мәліметінше, бұл қылмыстан кейін бала ауруханаға жеткізілген. Алдын ала мәлімет бойынша, 25 жастағы келіншекті күйеуі өлтірген.


Куәгерлердің айтуынша, әйел баласымен бірге ауладағы ойын алаңдарының бірінде серуендеп жүрген. Бір сәтте көлік тоқтап, ер адам жүгіріп шығып, әйелді пышақтай бастаған. Артынша оқиға орнынан жасырынған.


Басылымның мәліметінше, әйел 20 пышақ жарақатын алған. Кейінірек полицияның баспасөз қызметінің басшысы басылымға күдіктінің көлігі Ногинск қаласынан табылғанын хабарлаған. Сондай-ақ, күдіктінің ұсталғаны айтылады.


Қазіргі уақытта тергеушілер куәгерлерден жауап алып, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.


 




Көрілген: 1819    Пікірлер: 0

жұма, 26.07.2019, 14:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31