Шартарап

19 мысықпен бірген тұрған "Маугли қыз" табылды

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Мәскеу облысының Талдом қаласында «кис-киске» атанып кеткен  3-4 жастағы қыз табылды. Ол 19 мысықтың арасында өмір сүрген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Gazeta.ru-ға сілтеме жасап.

 

Бұл туралы Ресейдің ішкі істер министрлігінің Мәскеу облысы бойынша департаменті хабарлайды.

 

Прокуратураның хабарлауынша, қызды полицейлер күдікті ер адамның артынан үйге кірген кезде тапқан. Ер адам қыз баланы өзіне анасы тапсырғанын, оның сана-сезімі «дамымағандықтан» ауруханаға апарудан бас тартқан деп түсіндірді.

 

Басқа мәліметтер бойынша, антисанитариялық жағдай орын алған бөлмеде қыздың өзінің анасы да болған. Бала, куәгерлердің айтуынша, мысықтардың тамағын жеген, ал үйде 19 мысық болған.

 

Маугли қыздың анасы қызын не себепті тастап кеткенін түсіндірді. Оның айтуынша, бір кездері қызы айтқанын орындамай ашуландырған екен. Әйел кінәсін мойындап, өз әрекетін жаман әрі жиіркенішті деп атады.

 

Ол қызды балалар үйіне жіберу туралы ойы болғанын, бірақ таныстары оны өткізбейге кеңес бергенін айтты. Бұған дейін әйел қыз баланы психиатриялық ауруханадан қорғау үшін құрбысына берген.

 

Анасының өзі Молдова тумасы, Мәскеуде үлкен 11 жасар қызымен бірге тұрады. Ол екінші қызын 2018 жылы Талдомда құрбысына тәрбиелеуге беріп, аптасына бір рет оған қонаққа келіп тұрған.

 

"Қызды денсаулық сақтау мекемесіне жеткізді. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау туралы және балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау туралы Федералдық заңды бұзу фактісі бойынша тексеру жүргізіледі", - деп хабарлайды Мәскеу облысы прокуратурасының сайты.

 

 

 




Көрілген: 401    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.03.2021, 10:50

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31