Шартарап

20 жастағы жүкті келіншек пластикалық операциядан көз жұмды

  • https://www.centralasian.org

    https://www.centralasian.org

24 тамызда пластикалық операция жасайтын Mont Blanc клиникасында Самарқанд қаласының тұрғыны 20 жастағы жүкті келіншек Гүлшан Шарифова көз жұмды.


Самарқандық Гүлшан Шарифова дем алуы қиындағанына байланысты мұрнының ішіндегі етті алдыру үшін Mont Blanc клиникасына барған. Операцияға 8 миллион сум (850 доллар) төлеген.


Марқұмның әкесі қызының аллергиясы бар екенін ескертіп, дәрігерлерден мұқият болуын сұраған. Бірақ операция кезінде келіншек комаға түсіп, үш күннен кейін көз жұмған.


Гүлшан Шарифованың әкесі Умид Абдушукуровтың айтуынша, осыған дейін аталған клиникада 42 жастағы әйел мерт болған:


– Прокуратура қызметкерлері келіп, қылмыстық іс қозғайтынын айтып кетті. Бірақ маған қыздың денесіне сараптама жасалынатынын, сүйегі осында қалуы тиіс екенін ескертті. Осыдан кейін мен қызымның сүйегін Самарқандқа алып кетем деп шештім.


​Марқұмның туыстары дәрігерлерге еш кінә артпаймыз деген құжаттарға қол қойғаннан кейін, прокуратура істі тоқтатқан.


Клиника дәрігері Фахриддин Облокулов Гүлшан дәріден аллергия болып, анафилактикалық шоктан мерт болды дейді.


Клиника операцияға төленген ақшаны қайтарып берген. Бірақ марқұмның жақындары моральдық өтемақы әлі алмаған. Дәрігерлер жұмыстан шығарылған, бірақ жауапкершілікке тартылмаған.


Клиника таяуда атауын "Мукаммаллик" деп өзгертіп, қайта істеп жатыр.


20 жастағы Гүлшан Шарифова Ташкент қаржы институтының 3-курсында оқыған, артында бір ұлы қалды.


centralasian.org


 


 




Көрілген: 1943    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.10.2019, 09:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31