Шартарап

20 жыл бұрын жоғалған қыз ата-анасымен қауышты (видео)

  • CC0

    CC0

Осыдан 20 жыл бұрын "Минск – Осиповичи" пойызында жоғалған қыз табылды, деп хабарлады Беларусь елінің ішкі істер министрлігі.


1999 жылы пойызда төрт жасар қыз жоғалып кеткен. Ата-анасы станцияларды аралап, қызды іздеген. Суретін көшедегі сатушылар мен жолаушыларға көрсетсе де, таба алмапты. Кейін милицияға арыз берген, деп жазады Sputnik Беларусь.



Құқық қорғау органдары істі жылдар бойы жаппаған. Алайда бала табылған жоқ. Қайғыға душар болған ата-ана теміржол станциясынан алысқа көшіп кетеді.


2019 жылдың тамыз айында аудандық милицияның кезекші бөліміне ресейлік нөмірден қоңырау түсті.


Жігіт желіде жоғалған бала туралы хикаяны оқып, суреттегі қыздің өзінің танысы екенін түсінеді. Бойжеткен кішкентай кезінде пойызда жоғалғанын айтқан көрінеді. Тіпті маңдайындағы тыртық та сәйкес келген.


Ақыры соңында ДНҚ сараптамасы жасалып, қыз бен ата-анасының туыстығы 99,999%-ке расталды.


"Үмітімізді үзген жоқпыз. Жиырма жыл бойы осы кездесуді күттік", - дейді қыздың анасы.


Жиырма жыл бұрын жоғалған Юля есімді қыз, сөйтіп, ата-анасымен қауышты.


sputnik

 




Көрілген: 1131    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.09.2019, 20:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30