2020 жылы Еуропа Одағында 238 мың адам лас ауадан қайтыс болды

25 қараша 2022, 09:12

КОПЕНГАГЕН. ҚазАқпарат – Атмосфера микробөлшектерінің ластануы 2020 жылы Еуропа Одағында 238 мың адамның мезгілсіз өліміне әкелді. Бұл туралы Еуропалық қоршаған орта агенттігінің (ЕЭА) баяндамасында айтылған.

Соңғы бір жылда коронавирусқа байланысты өлім-жітім саны тағы да өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews арнасына сілтеме жасап.

«ДДҰ ұсынған нормалардан асатын микробөлшектер концентрациясының жоғарылауы бүкіл Еуропа Одағы бойынша 238 мың адамның мезгілсіз өліміне әкелді», - делінген агенттік баяндамасында.

Бұл 2019 жылғы өкпеге терең енген микробөлшектерден мерзімсіз қайтыс болған 231 мыңға жуық адамнан біршама көп.

«Өлім-жітімнің артуы соңғы 20 жылдағы тұрақты төмендеу тенденциясына қарама-қайшы келеді: 2005 және 2020 жылдар аралығында жалпы төмендеу 45% құрады», - делінген зерттеуде.

Бұл өсімді ковидтің ауаның ластануымен байланысты қатар жүретін аурулары бар адамдарға (өкпе аурулары, қатерлі ісік немесе 2 типті қант диабеті) қатты әсер етуімен түсіндіруге болады.

«2020 жыл мен 2019 жылды салыстырсақ, ауаның ластануына байланысты мезгілсіз өлім PM2.5 микробөлшектері үшін өсті, бірақ NO2 азот диоксиді мен O3 озоны үшін азайды», - делінген агенттік зерттеуінде.

Негізінен жол қозғалысы мен өнеркәсіптік қызметтен болатын озон (O3) бөлшектері үшін 2020 жылы тенденция теріс болды, 24 мыңнан сәл астам өлім тіркелді, жылына 3% төмендеді.

Көлік құралдары мен жылу электр станциялары шығаратын азот диоксиді (NO2) газына келетін болсақ, 49 мыңнан астам мезгілсіз өлім тіркелді, яғни бір жыл бұрынғыға қарағанда 22% - ға аз, бұл ішінара коронавирус пандемиясы кезіндегі жол қозғалысының төмендеуімен түсіндірілуі мүмкін.


Фото: ru.euronews.com