2022 жылдың басты түсі анықталды

09 желтоқсан 2021, 17:30

Америкалық Pantone түстер институты 2022 жылдың басты түсін анықтады. Ол Veri Peri деген атау алған көк түстің жаңа реңкі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Pantone 17-3938 Very Peri көк түстің қасиеттерін біріктіреді, сонымен қатар, күлгін-қызыл реңкке ие. Бұл түс өмірге құштар, қуанышты көңіл күйді бейнелеп, батыл шығармашылыққа, өзін-өзі көрсетуге шақырады", - делінген институт хабарламасында.

Сарапшылардың пікірінше, жыл түсі жаһандық мәдениетте не болып жатқанын көрсетіп, адамдар не нәрсеге жауап алуға тырысатынын білдіреді.

Pantone ғаламдық түс тенденцияларын болжап, өнімдер мен брендтерді визуалды түрде анықтау үшін компанияларға кеңес береді.