2022 жылғы Оскар сыйлығына үміткерлердің тізімі жарияланды

22 желтоқсан 2022, 10:13

21 желтоқсанда Америка кино өнері академиясы 10 номинация бойынша "Оскар" киносыйлығына үміткерлердің шорт тізімін ұсынды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ақпарат академияның сайтында пайда болды.

 

"Үздік толықметражды деректі фильм" аталымы бойынша жүлдеге үміткерлер тізімінде 15 фильм бар. Кейін олардың бесеуі сыйлыққа ұсынылады.

 

Үміткерлер қатарында: үнділік Шаунак Сеннің "Все, что дышит", америкалық Маргарет Браунның "Потомок", американдық Лора Пойтрастың "Вся красота и кровопролитие", Бретт Моргеннің "Дэвид Боуи: Moonage Daydream", режиссер Дэниел Роэр "Навальный" фильмдері және басқалар бар.

 

"Үздік шетелдік фильм" аталымына 15 фильм таңдалды. Оған режиссер Сантьяго Митрдің "Аргентина", австриялық режиссер Мари Кройзердің "Корсаж", бельгиялық Лукас Донттың "Близко", француз әйелі Элис Диоптың "Сент-Омер", сонымен қатар Камбоджа, Дания, Германия, Үндістан, Ирландия, Мексика, Марокко, Пәкістан, Польша, Корея Республикасы және Швецияның бірқатар басқа фильмдері енген.

 

Сонымен қатар үміткерлер "Үздік қысқаметражды деректі фильм", "Үздік макияж және шаш", "Үздік музыка", "Үздік ән", "Үздік қысқаметражды анимациялық фильм", "Үздік қысқаметражды фильм", "Үздік дыбыс", "Үздік визуалды эффектілер" номинацияларына ұсынылған.