Шартарап

21 миллион VPN қолданушысының жеке дерегі сатылымға шықты

  • https://turkystan.kz/

    https://turkystan.kz/

Android операциялық жүйесіне арналған тегін VPN қызметтерінің 21 миллион қолданушысының жеке деректері Желіде сатылымға шықты, – деп хабарлайды Сyber News сайтына сілтеме жасап.

 

Танымал хакерлік форумның аноним пайдаланушысы Google Play-ден үш VPN қызметінің – SuperVPN, GeskoVPN және ChatVPN-нің үлкен дерекқорын сату туралы ұсынысын жариялаған.

 

Оны киберқауіпсіздік бойынша сарапшылар тапқан.

 

Онда 21 миллионға жуық адамның жеке шоты, соның ішінде пайдаланушының тұратын жері, оның электрон поштасы, логиндері мен құпия сөздері, жасаған төлемдері мен премиум-шоттардың қызмет ету мерзімі жинақталған. Кейбіреуінде құрылғы туралы мәлімет, телефон модельдері, сериялық нөмір мен халықаралық абонент идентификаторлары (IMSI) бар.

 

Хакер форумда бұл деректерді қалай алғанын жайып салды.

 

Айтуынша, ол сервистер өз серверлеріндегі құпия сөздерді ұзақ уақыт өзгертпегенінің салдарынан базаға ене алған. Қазіргі уақытта SuperVPN, GeskoVPN және ChatVPN өкілдері пайдаланушылардың жеке ақпараттары алынғаны туралы сауалға жауап берген жоқ.

 

 

 

 

turkystan.kz




Көрілген: 479    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.03.2021, 22:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30