Шартарап

23 жастағы жігіт шындықты жасыру үшін өзінің бүкіл отбасын өлтірген

  • http://kabar.kg/

    http://kabar.kg/

Ата-анасымен бірге Бангладештен Канадаға қоныс аударған 23 жастағы Менхаз Заман өз отбасынан шындықты жасырғанынан ұялып, оларды өлтіріп тастады, деп хабарлады The Mirror.

 

Ол ата-анасына университетте инженер мамандығы бойынша білім алатынын айтқан. Олар оны мақтан тұтты және достарына оның жетістіктері туралы мақтанды. Ал шын мәнінде Менхаз Заман еш жерде оқымаған және жұмыс істемеген, барлық уақытын компьютерлік ойындар ойнаумен өткізді.

 

Университеттің орнына оны жергілікті колледжге қабылдапты, бірақ үлгерімі нашар болғандықтан көп ұзамай Менхаз оқудан шығып қалған. Соған қарамастан, ол оқып жүргендей кейіп танытады: таңертең ноутбугін алып үйден шығып кетіп, "сабақтан" кейін қайтып келіп жүрген.

 

Диплом тапсырылатын уақытқа бір күн қалғанда ол өтірігі ашылып қалмау үшін бүкіл отбасын өлтіріп тастайды: ұйықтап жатқан анасын, содан кейін әжесін пышақтап тастаған, содан кейін үйге оралған әкесі мен әпкесін өлтіреді.   

 

Содан кейін ол бұл туралы достарына хабарлап, дәлел ретінде мәйіттердің жанында жасаған селфиді жіберген. 

 

Ойынды бірге ойнап жүрген достары болған жағдайды полицияға хабарлаған.

 

Құқық қорғау органдары қылмыскерді ұстады. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Алдағы 40 жылда ол рақымшылық жасауға өтініш бере алмайды.

 

Сотта Менхаз отбасын білетіндердің бәрінен кешірім сұрады. 

 

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 846    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.01.2021, 12:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қаңтар, 18:13
    COVID-19. Әлемдегі жағдай

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31